СЫПЫРАНЫҢ ӨМІР СҮРГЕН ДӘУІРІ.ДӘУІР ТЫНЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ЕЛ ІСІНЕ
Туған,өлген жылы белгісіз.Ш.Уалиханов деректеріне суйене отырып,академик Ә.Марғұлан оны қыпшақ руынан шыққан деп мәлімдейді.Жырау сөздерінің кейбір үлгілерін В.Радлов пен Ильминскийлер жинақтарынан жиі кездестіреміз.Басқа да қолжазба мұраларда жырау толғауларынан үзінділер,нақыл сөздері кездесіп қалады.Басқа туыс елдерде Сыпыра жырау аңыз-әңгімелер мен эпос кейіпкеріретінде танылады.Ортақ тұлға ретінде Қ.Максутов( қарақалпақ) Ғ.Хұсаинов( башқұрт )оны Орал мен Алтайдың даңқты жыршысы деген пікірде.Дешті қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі,ноғай,қарақалпақ,башқұрт,барабы,құрдақ,қырым татарларына ортақ тұлға.Оның жырлары бізге өз атымен жетпеген толғаулары «Құбығұл»,»Едіге биге», «Тоқтамыс хан хикаяты»аңыз әңгімелер мен батырлар жырындағы жырау ел бірлігін көздеген дана ретінде суреттеледі.Сыпыраның Едіге туралы эпоста бейнелеген Тоқтамыс ханға арналған өлеңі оның толғауының классикалық үлгісі болып табылады.Арнау жырда жырау өзін таныстырған соң Тоқтамыстың 8 атасын,соның ішінде Шыңғыс ханды көргенін-білгенін айтады,олардың әр қайсысына мінездеме береді.Ноғай халқында кездесетін «Тоқтамыс хан хикаяты»атты аңызда Сыпыра жырау атынан қара сөзбен аралас айтылатын жырлар өзінің табиғи сипаты жағынан жыраудың «Мен қартаңмын,қартаңмын»атты толғауына ұқсас келеді. «Қырымның қырық батырын»жырлаған әйгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың ұрпағы санаған.Жыраудың шығармашылығы көптеген түркі халықтары әдебиетінде көркем үлгі ретінде орын алады.Мысалы,ноғайлықтар Сыбыра Йырау,башқұрттар Сыбри йырысы,татарлар Сафардау ретінде белгілі.Ал қарақалпақтар оны өздерінің ең үлкен эпосшы жыраулар мектебінің негізін салушы санайды.