АҚТАМБЕРДІНІҢ «УА,ҚАРТ БӨГЕМБАЙ»,ҮМБЕТЕЙДІҢ АҚТАМБЕРДІГЕ АРН

Ақтамберді толғауларындағы басты сарын - ерлікке, батырлыққа шақыру. Ақтамберді шығармашылығында қазақ халқының ой-арманы, мақсат-мүддесі, көшпенді халықтың өмір-тұрмысы жайлы түсінігі, мінез-құлық ерекшеліктері жырлануы. Ақтамберді толғаулары көбіне ерлікті әспеттеп, ел тәуелсіздігін ардақтаған тегеуріні тым қатты, рухы биік отты жыр жолдарынан өріледі. Әсіресе Бөгембай батырға арнаған толғауының екпіні ерекше. Жоңғардан туған жерді азат етер арпалыстың от-жалынында туған, ерлердің ертеңгі жеңіске деген құштарлығын оятар, жеңістен кейінгі бейбіт күндердің берекелі шаттығын көзге елестетер жігерлі жыр, ұранды рухымен сүйсіндіреді. Ақтамберді толғауларындағы басты идея – ата жауға қарсы күреске шақыру, ерлікке жігерлендіру. Азаттықты аңсаған азатшыл сарын – жырау полэзиясының басты желісі. Оның азатшыл мұраттағы алғашқы өлеңдерінен-ақ өршіл сарынның от-жалынды лебі сезіліп тұрады.
Үмбетей жырау толғауларында ел тұрмысындағы маңызды мәселелер, батырлардың ерлігі мадақталып, жырлануы. Үмбетей - Абылай және ХҮШ ғасыр батырлары жайындағы жырларды туғызушылардың бірі. Жырау толғауларында ел, жер тарихы туралы деректердің берілуі. Үмбетейдің даңқын шығарған «Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» толғаулары. Жырау шығармашылығында жоңғарға қарсы күрестің каһарманы, атақты қолбасшы Бөгембай образының жасалуы.