ӘЛ-ФАРАБИ ОЙЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ КЕЙІНГІ ДӘУІРЛЕРДЕ ЖАЛҒАСЫН

Әбу Насыр әл-Фараби-дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған данышпан,философ,ғалым,әдебиетші,ақын.Отырар қаласында дүниеге келген.Бұл арабтар Фараб деп атаған.Сол бойынша ұстаз атанған.Толық аты-жөні Мухаммед ибн узлағ Тархани.Ғұлама-ғалым әл-Фарабидің атсалыспаған ,зерттемеген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол болашақ қоғамда адамдардың емін-еркін,азат өмір сүретін,қоғам мүшелерінің бәрі тең,бірін-бірі құрметтейтін,бақытты қоғам ретінде суреттейді.Бүкілхалықтық бақытқа жетудің бірден-бір жолы ғылымды игеруде деп білді.Утопист ретінде ол феодализм жағдайында қайырымды мемлекет,барша халықтың бақыты туралы армандады.Ал гуманист ретінде феодалдық соғыстарға ,ел-жұртты тонауға,тақ пен тәж үшін болған қан төгістерге ,әділетсіздікке қарсы шықты,адамның еңбекке ,білімге,бейбіт өмірге деген құқығын қорғауға әрекет жасады.