МАРҒАСҚАНЫҢ ЕСІМ ХАН МЕН ТҰРСЫН ХАН АРАСЫНДАҒЫ ТРАГЕДИЯЛЫ ЖА
Марғасқа жырау Есім ханның тұсында жорық жырауы,қол бастаған батыры болған.Ташкентөңірін билеп тұрған Тұрсын ханның Есім ханға қарсы бүлігін басуға қатысқан.Марғасқа жыраудың бізге жеткен санаулы ғана жырлары оның от тілді,орақ ауызды болғанын көрсетеді. «Ей,Қатағанның хан Тұрсын»аттыөлеңінде Ташкент ханының қазақ ауылына опасыздықпен шабуыл жасағанын,жазықсыз жандарды қырғанын бетіне басады.
(үзінді)Ей Қатағанның хан Тұрсын
Кім арамды ант ұрсын
Жазықсыз елді аңыратып
Хан емессің қасқырсың
Қара албасты басқырсың
Еңсегей бойлы ер Есім
Есігіңе келіп тұр:
Алғалы тұр жаныңды
Шашқалы тұр қаныңды