ЖЫРАУЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ АЛАР ОРНЫ
Қазақ мәдениетінің сонау көне заманнан бері жасап келе жатқан халықтық туындылары аз емес. Сан салалы өлең жыр,асыл сөз үогілері,асқақ ән,сәнді де сазды төгілген күй көркем өнер саласындағы халық мұрасының куәсі.Дәуірлік мәні бар поэзия туындылары әдеби шығармалар халқымыздың рухани байлығы.Халқымыздың қалдырған көркем сөз өнері баға жетпес мол қазына,оның ішінде қамал бұзар қаһарлысы да айшықты әсем құнарлысы дашебер қиылысқан қисындысы да, нөсерлей құйылған төкпе туындысы да мол. Асылды жасықтан айыра білген халық, шешендерінің аузынан шыққан тұспалдар мен нақылдар өмір ережесіндей ұрпақтан ұропаққа ауысып, адамгершілік үшін қызмет етіп келеді.Қазақтың шын мәніндегі авторлы әдебиетә жырау шешендер мен төкпе ақындар шығармашылығының өркендеуіне байланысты.Халқымыздың даналығы мен саналығының айқын көрінісі, оның бай ауыз әдебиетінде десек, оны ең алғаш туғызушы да, жетіле жырлап, талай ғасырларданг аман алып шығып кейінгі ұрпақтың қолына аман табыс етушісі де жезтаңдай жыраулар мен адуын ақпа ақындар.