ШАЛ АҚЫН ҚҰЛЕКЕҰЛЫ

(1748-1819) Халық ақыны ,Абылай ханның замандасы .Оның әкесі Құлеке батыр Тәңірбердіұлы қазақ-қалмақсоғысының атақты батырларының бірі.Ол 1742 жылы Орта жүз атынан Ресейге елшілікке барғаны туралы деректер сақталған.Анасы үйсін тайпасынан шыққан атақты Төле бидің қызы.Ауызша жеткен әңгіме бойынша Шал ақын қоян жылы,71 жасында дүниеден өткен,бұл есеппен алғанда ақын өмірін зерттеушілер 1819 жылы қайтыс болды дейді.Шал ақынның алғаш рет 1928 жылы «Жаңа әдебиет» журналының 5 санында бір ғана өлеңі,1958 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде белгілі қаламгер жариялаған 8 өлең мен «Шал ақын кім?» мақаласы жарық көрді.1999 жылы «Шал Құлекеұлы»атты 364 беттік көлемді кітап шыққан.Кітаптың алғы сөзін жазған ф.ғ.д Жұмат Тілепов.Шал ақын Құлекеұлы туралы алғашқы жазба дерек Шоқан Уалиханов еңбегінде кездеседі.