ТӘТІҒАРА АҚЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

(1705 жылы қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданы)-ақын,жырау.Абылай ханның ақылшысы ретінде біраз уақыт хан сарайында тұрған.Бөгенбай,Олжабай қалмаққа қарсы жорықтарына қатысып,олардың ерлік істерін мадақтаған.Толғауларында жауынгерлерді табандылыққа ,төзімділікке ундеген.1756 жылғы Цин империясы басқыншылары мен Абылай хан сарбаздары арасында өскен соғысты сипаттаған жалынды жырлары Тәтіқара есімін халыққа танытты.Өткір мінезді Тәтіқара ел билеген ханның осал жақтарын сынап,батыр-бектердің кемшілігін беттеріне басып отырған.Кеше тоқыраудың судың бойында»атты толғауында «Ат құйрығын күзеңдер,Алалап атқа мініңдер,Ханталау қылып алыңдар» деп халықты күреске шақырады.Бұдан кейін Абылай ханмен арасы алшақтап,Тәтіқара сарайдан біржола қуылады.Жасы ұлғая келе жағдайы ауырлап,жоқшылық көреді.Алайда ақын қиыншылыққа мойымаған,ханға бас имеген.Бұған көңілін сұрай келген билерге айтқан«Ассалаумағалейкум,жайсаңдар мен қасқалар»дейтін жыры дәлел.