АҚТАМБЕРДІ САРЫҰЛЫНЫҢ ЖЫРАУЛЫҚ ТҰЛҒА РЕТІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІГІ
Атамберді Сарыұлы(1675,қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Жүрекжота мекенінде туған)-жырау,қолбасы,қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі,дипломат.Актамберді өз ғұмырнамасын толғауларына көркемдік қуаты зор,келісті нақыштарымен түсірген.Шығармалары зиялы зергердің қолтаңбасын танытады.Әлі де қолымызға түспеген толғаулары ел аузында сақталғаны ықтимал.Қазіргі қола бары 300 жолдан аспайды.Азғантай қазынасының өзі афоризм сөздеріне толы. « Күмбір-күмбір кісінетіп», «Уа қарт Бөгенбай»,Менімен ханым ойнаспа», «Жауға шаптым ту байлап», «Заманым менің тар болды» және т.б. өлең - толғаулары батылдыққа,ізгілікке,патриоттыққа толы.Ақтамбердінің Балаларыма өсиет» деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек.Жырау балаларын тірліктегі бірлікке,талап мұратқа,татулыққа үндейді.Жас ұрпақтың бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді.