БҰҚАР ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАНҰЛЫНЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ОРНЫ

Қалқаманұлы, Бұқар жырау (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.Сырдария облысы Қазалы уезі көшербай болысының 6 шы ауыл. "ҚараҚ" деген жер. Бұқар Жырау шығармаларының тақырыптық аясы, шеңбері — Жақсылық пен Жамандық, Елдік пен Ерлік, Ізгілік пен Зұлымдық, Әділдік пен Әдептілік, Жастық пен Кәрілік, Татулық Бізге Марғасқа жыраудың бір ғана қысқа толғауы жеткен. Бұл толғау Қазақстан Ғылым академиясы Әдебиет институтының қолжазбасынан алынып, 1967 жылы «Ертедегі әдебиет хрестоматиясына» енгізілді. Ол төмендегідей:
Ей, Қатағанның хан Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын.
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңірісіп жатырсың.
Хан емессің қасқырсың,
Қара албасты басқырсың,
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалы жеткен пақырсың!
Еңсегей бойлы Ер Есім
Есігіңе келіп тұр:
Алғалы тұр жаныңды,
Шашқалы тұр қаныңды!
Тұтқиылдан шауып, бейқам жатқан жауды қолға түсірген кезде озбыр сатқын Тұрсынға жырау айтқан үкім — осы. Асылы, Есім ханның халық алдында беделінің артуы осы оқиғаның жеңіспен аяқталуы болса керек. Ерлер мен хандар елде жоқта жазықсыз, панасыз халықты шапқан Тұрсынға жазасын бергені үшін халық Марғасқадай даңқты жырауы арқылы Есімге алғыс айтқанға ұқсайды. Әрине, Марғасқаның жырлары көп болған. Ел есінде жүрсе де, біздің қолымыз жетпей жатқаны да бар шығар. Марғасқаның Есім ханның өмірі мен ерлік істерін баяндайтын «Еңсегей бойлы Ер Есім» атты тарихи жырды жеткізушілердің бірі болғандығы мәлім. Мұнда тәуелсіз әмірші болғысы келген Тұрсын Есімнің қалмақтарға қарсы жорыққа кетуін пайдаланып қазақ ауылдарын шабады. Көп жұртты харап қылады. Бұл оқиға халық санасында үлкен із қалдырған. Бұл оқиға Абылғазы баһадүр ханның айтуынша, 1627 жылы болған. Аталмыш жырдан Марғасқаның от тілді, өжет, аса талантты ақын екендігі аңғарылады. Жырау шығармалары халық әңгімелерінде айтылатындай шынында да Марғасқаның жауынгер, жорықшы ақын болғандығын көрсетеді
пен Араздық, Достық пен Дұшпандық, Адалдық пен Арамдық, Тектілік пен Азғындық, Тұтастық пен Бірлік. Бұқар Жырау мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде Мәшїүр Жүсіп Көпеев, Қ. Халид, Г.Н. Потанин, Ш.Уәлиханов, Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Қ.Мұқаметқанов, М.Мағауин, Р.Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірді. Бұқартану ілімінің қалыптасуы мен дамуы тарихы бар. Болашақта ұлы жырау мұралары жаңаша көзқарас, дүниетаным тұрғысынан (ислам құндылықтарымен сабақтастығы, мораль философиясы, мемлекет мүддесі, поэтикасы) тексерілуге тиіс.