МАРҒАСҚА ЖЫРАУ МҰРАСЫ
Қазақ поэзиясында жауынгерлік рухты жырлап,көне дәстурді жалғастырған жыраудың өмірі мен өлеңдерінің туындауы туралы нақты мәліметтер,деректер сақталмаған.Ол Есім ханның тұсында жорық жырауы,қол бастаған батыры болған.Ташкентөңірін билеп тұрған Тұрсын ханның Есім ханға қарсы бүлігін басуға қатысқан.Марғасқа жыраудың бізге жеткен санаулы ғана жырлары оның от тілді,орақ ауызды болғанын көрсетеді. «Ей,Қатағанның хан Тұрсын»аттыөлеңінде Ташкент ханының қазақ ауылына опасыздықпен шабуыл жасағанын,жазықсыз жандарды қырғанын бетіне басады.Есім ханның өмірі мен ерлік істері суреттелген жеті мың жолдық «Еңсегей бойлы Ер Есім»атты тарихи жырды алғаш жырлаушы болған деген болжамдар бар.