XIV-XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЖЫРАУЛАР МҰРАСЫ
Тарих толқынында қазақ әдебиеті үшін жарқын белестерге толы бір кезең XV-XVIIIғасыр әдебиеті. XIII-XIV ғасыр моңғол шапқыншылығы зырдаптарынан бас көтеріп, жаңа заман, жаңа өмірге бет бұрған халықтың жаңа шежіресі басталды. Алтын Орда құлап ноғай, қазақ рулары дербесеігін алып бөлініп шығып, Ақ Орда халқының жеке мемлекет болып қалыптаса басталу тарихында да заман өз қиындығын кездестірді. Бірінші орынға елдікті,қазақ ұлтының біртұтастығын мақсат еткен қайырымды хандармен бірге, елді басып –жаншуға, өзге елдермен қазына үшін соғыстырып ел берекесін кетіруге, халықты қалың тобыр деп қана түсінетін қатігез хандар да кездесті. Осы бір аға мен іні хандық үшін жауласып,әке мен бала билік үшін араздасып, аждаханың аузындай хан тағы үшін бала әкесін,іні ағасын жұтқызып жіберіп жатқан, хандар билігі жиі-жиі ауысып, ел басына біркелкі заман орнату қиынға соққан кезеңдерде ел қамы үшін , ұлт жаны үшін тарих төріне әдебиеттің құрметті өкілдері жыраулар келген еді. Моңғол шапқыншылығының зардабы кезіндегі сопылық әдебиеттен кейін, XV ғасырдан бастап қазақ мәдениеті алға өрлеп әдебиет, музыка,ғылым саласы қайта жанданды. Осы бір кезде тарих тұғырында да, әдебиет әлемінде де елеулі орны бар жыраулар поэзиясы қалыптасты. Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан...Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.»Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау.