XIV-XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Дербес қазақ атымен аталатын әдебиеттің өмір сүруі -15ғасырдың орта шенінен басталады.Бұған себепкер болған жай -1456жылы Шу бойында қазақ хандығының құрылуы, осының нәтижесінде қазақ халқының тарих сахнасына шығуы.XV-XVII жасалған әдебиет ел мүддесін, жұрт мақсатын алдыңғы орынға қойды. Бұл кезеңдегі жыраулар поэзиясы әдебиетте өзіндік түр тауып, ұлттық сипатта қалыптасты. Қазақ елінің ұлттық болмысын, ерекшелігін саралап көрсетіп, тарихын, салт-санасын, дәстүрін таңбалайтын келер ұрпаққа тәрбиелік өредегі ұлы туындылар қалдырды. XV- XVII ғасырдағы жыраулар поэзиясы қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде қанат жайды. Діни, тәрбиелік, қоғамдық, әлеуметтік, ерлік пен ездік, қарыз бен парыз, о дүние мен бұ дүние тағы басқа жайындағы философиялық туындылар жыраулар поэзиясының терең дүниетанымдық сипаты болды. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдерінің бірі деп Сыпыра жырау Сұрғылтайұлы, Асан қайғы (Хасан), Қазтуған Сүйенішұлы, Доспамбет жырау, Тіленішұлы Шалкиіз, Жиембет жырау, Марғасқа жыраулар болды. Олар жаңа әдеби салаларды қалыптастырушылар ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар болып табылады. Олар шығарған әдебиет үлгілері – негізінен заман, қоғам, өмір жайлы ойлы сырлы толғаулар, ақыл-өсиет түріндегі шешендік сөздер, мақал тақілетті тұспал-дидактикалық термелер сондай-ақ елді жеңіске бастаған батырлардың көзсіз ерлігін жырлаған. Ерлік эпосы, ел қожаларын дәріптейтін мадақ жырлар, қайғылы қазаға байланысты азалы сөз, естірту жоқтау немесе қара қылды қақ жарған әділ қазы, я болмаса табан асты тапжылмастан сөз бастап, терең оймен жұртты ұйытқан ақыл иелерін қошамет тұтар арнаулар болатын. Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.