ШАЛКИІЗ ТІЛЕНШІҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Шалкиіз(1465-1560 жылы)жырау,орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі.Жігіттік шағы Ноғай ордасындағы Мұса бидің маңайында өткен.Кейіннен Үлкен Орданың әміршісі,Мансұрұлы Темір бидің және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде,өмірінің соңында Хақназар ханның маңында өткізеді.Әкесі Тіленші өз тұсында ірі феодалдардың бірі болған,ал шешесі Ноғай Орданың ірі биі Мұсаның қызы.Жыраудың шығармаларынан бізге жеткені 600 жолдың шамасы 1917 жылғы төңкеріске дейін оның туындылары 12 өлең жинағы мен хрестоматиялары енді.Бұл сол кезең үшін астрономилық сан есепті.Шалкиіз туындылары орыс тіліне тәжімалмаланған ақын-жыршылардың бірі.Оның шығармалары сол дәуірдегі орыс оқымыстылары мен зерттеушілері жоғары бағалаған.Темір биге айтқандары,әр түрлі жинақтар мен басылымдарда 4 рет қайта басылды.Оның шығарм-нан ортағасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық, этикөлі түсініктер көрініс тапқан (“Асқар, асқар, асқар тау”,“Қоғалы көлдер”,“Арғымақ ару аттар”,“Ор, ор қоян,ор қоян”,тағы басқа).Шалкиіз шығармаларында ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы жырлар да жеткілікті.“Алаштан байтақ озбасы…”, “Жапырағы жасыл жаутерек…”, “Ер Шобан”, тағы басқа). Шалкиіздің халық арасына ең көп тараған шығармалары -“Би Темірге айтқаны”, “Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқан” толғаулары.Ол ертедегі қазақ поэзиясының өлең өрнегін байытқан ақын.Шығармалары алғаш 19 ғасырдан қағаз бетіне түсе бастады.Қазан төңкерісіне дейін орыс және қазақ тілдерінде 1875 жылы “Записки Оренбурского отдела Императорского Русского географического общества” жинағында жарияланған.Кейін аталған жинақта,“Астраханский вестник” газетінде,Ы.Алтынсариннің “Қырғыз хрестоматиясында, т.б. жинақтарда, ал Кеңес дәуірінде “Ертедегі әдебиет нұсқалары”,“Алдаспан” “15 — 18 ғасырлар қазақ поэзиясы”,“Бес ғасыр жырлайды” жинақтарында жарық көрді.