XV ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ АСАНҚАЙҒЫ МЕН ҚЫДАН ТАЙШЫ ТУ

Қыдан тайшы-1452 жылы Шибан нәсілнен Әбілқарайыр хан Қазан ханына да,Қырымға да қарамай,өз алдына Жошы ұлысының куншығыс жагын түгел билеп тұрды.Сонда қазақтың ханы әз Жәнібек хан еді,Әбілқайыр ға қарап тұрушы еді.Тоқайтемір нәсілінен Барақ хан немере інісі Шаһгерей ханменен тамам қазақты алып,Әбілқайырға өкпелеп,Шудағы Шағатай нәсілінен Есен Бұғаның баласы Тоқлұқ Темірханға қарады.Әбілқайырға өкпелеп себебін біздің қазақ былай айтады.Біздің осындағы арғындардың арғы атасы Дайырқожа ханның сүйікті қазысы екен,әділ айтқандықтан Ақжол атаныпты және Қарақыпшақ Қобыланды батыр да Әбілқайырға сүйікті екен.Екеуі ішінен жауласып жүргенде,бір күні далада Қобыланды батыр Дайырқожаны өлтіріп кетіпті.Әз Жәнібек хан біліп,Қобыланды шариған бойынша қысас қылып өлтіруге сұрапты.Әбілқайыр хан берейін десе,көп қыпшақ бұзылатұғын болған соң бере алмай, «үш кісінің құнын алып бітім қыл»деген соң,Әз-Жәнібек хан өкпелеп кеткені,біздің қазақта мақал болып жүрген«Қара қыпшақ»Қобыланды нең бар еді,құлыным»деген сөз Дайырқожаның суйегін айналып журіп жылаған әкесі Қыдан тайшы деген кісінің сөзі,аты Қыдан еді,тайшы деген өлеңші,ақын дегені.
Асанқайғы-Аты аңызға айналған айналған Асан қайғы айтқан аталы сөздер ел жағдайын ойлағысы келмей өз бабын күйттеген хандарға жебедей қадалады. Асан Қайғы Сәбитұлы 1361-1470 жылдар аралығында туып ғұмыр кешкен, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала философы", осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, кұстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, ұлағатты тәрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқынын қамын, оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды. Сондықтан да ол жас болса да хан, сұлтан, би, бектермен бірге жүріп, оларға ақыл қосысады, ой-пікір жарыстырып, тайталасып ержетеді. Бозбала кезінен-ақ ол ақындық-жыраулық, шешендік, тапқырлык өнерді жете меңгереді. Ел дауын, жер дауын, әдет-ғұрып мәселесін шешерде оның ақылдылығы, алғырлығы, кесімді, шешімді билік сөздері өзге баскаруға, шешуге араласады. Ұлұғ Мұхамед өлген соң Асан би Дешті Қыпшаққа қайта оралады. 1450 жылдан бастап Әбілхайыр хан қарауында билік құрады. Бұл кезде де Асан би көптеген хандық, билік тартыстардың қайнаған ортасында жүріп, өзінің шешендік, пәлсафалық жыр толғауларымен ел құрметіне баленеді. Сол тұстағы Жәнібек, Керей хандармен пікірлес, саясат ісіне араласып, олардың ақылгөйі болады. 1456-60 жылдары Шу бойында қазақ ордасы құрылғанда Асан жырау жаңа орданың ұраншы, абызы болады. Жәнібек, Керей хандарды оңтүстік жаққа емес, батысқа - Жайық, Жен бойына қоныстануға үгіттейді. Алайда ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі. Асанқайғы ең алдымен хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды. "Жәнібек ханды уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының болашағын жете ойламайсың деп сөгедіби, шешендерден үстем боп шыға береді. Осындай ерен зор талантын байқаған Алтын Орда ханы Ұлұғ Мұхамед оны өзіне ақылгөй бас би етіп, сарайында ұстайды. Ұлұғ Мұхамед (туған жылы белгісіз, 1445 ж.ө.) Бүкіл ноғайлы елін билеген, Алтын Орда ханы, кейін қазақ хандығын құрушы, Қырымға дейін билік жүргізуші, атақты Тоқтамыс ханның немересі еді. Асан жырау сол Ұлұғ Мұхамедпен бірге талай-талай мәселелерді