«ГҮЛІСТАН БИТ ТҮРКИДІҢ» АУДАРЫЛУЫ
Бұл шыгарманың аудармасы жайында тұңғыш рет ғылыми пікір айтып,С.Сараи аудармасын әдеби,тілдік,тарихи тұрғыдан талдаған ғалым А.Баттал-Таймас болды.Ол аудармаға ғылыми шолу жасай келе отырып,оның стильдік құрылысына,әсіресе,тілінің фонетикалық,лексикалық,морфологиялық,синтаксистік ерекшеліктеріне сараптама жасады.Парсы тіліндегі Гүлістан секілді қыпшақ тіліндегі С.Сараи аударғанГүлістан бит турки де 8 тараудан тұрады;1-ел билеушілер туралы,2-халық бұқарасы жайында,3-қанағат ынсап пайдасы жөнінде,4-тілге сақ болудың пайдасы,5-жігіттік шақтың көріністері,6-кәріліктің адамды кәріп етіп қоятыны туралы,7-тәлім-тәрбиенің әсері жайында,8-әңгімелесудегі әдептілік мәселесі туралы.