«ГҮЛІСТАН БИТ ТҮРКИ» ЕСКЕРТКІШІНІҢ ТАБЫЛУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ

1915 жылы Анкарада шыгатын журналдардың бірінде түркі тіліне аударылған Сағдидің« Гүлстан» дастаны Голландиядан табылғаны туралы шағын ғана хабар жарияланды.Бірақ оған ешкім назар аудармады 1950 жылы проф.Феридун Нафиз Узлук Голландияның Лейден университеті кітапханасы қорынан Гүлістанның фото көшірмесін алып,оған шағын алғы сөз жазды да ,1954 жылы Анкарада жеке кітап етіп басып шығарды.Алайда қыпшақ тілінде жазылған орта ғасырдың аса құнды әдеби ескерткіші-Гүлістан бит түрки шығармасын егжей-тегжейлі зерттеген совет ғалымы Ә.Н.Нәжіп болды.Ғалым С.САРАИ шығармасының қызықты жазылу тарихын,оның әдеби мәнін,тілін,сол дәуірдің әдеби және тілдік ерекшкліктерін кең көлемде зерттеп,Гүлістан бит түркті қазіргі орыс графикасы бойынша транскрипция жасады,әрі орыс тіліне жолма-жол аударды.Сондай-ақ С,Сараи айдармасының өзіндік ерекшеліктерін ашты,шығарманың қыпшақ тілінде жазылғанын толық дәлелдеп шықты.Бұл әдеби ескерткіш түркі тілдерінің ішіндегі қазіргі қазақ тіліне өте жақын тұрғанын ашып көрсетті.Гүлістан бит түрки қазіргі өзбек тіліне аударылып,басылып шықты.