«ХҰСРАУ-ШЫРЫН» ДАСТАНЫНЫҢ ОЙ-МҰРАТЫ
.Қыпшақ-оғыз тіліне өз дәуірінің белгілі ақыны Құтб аударған Хұсрау-Шырын дастаны Низамидің ой-пікірлерін білдіре отырып,сонымен бірге 14 ғасырдағы Алтын Орданың ішкі және сыртқы қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін де шеберлікпен көрсетеді.Бұл дастанда діни-мистикалық әдеби шығармаларға қарсы бағытталған,осы өмірдің нақты шындығы бейнеленеді.Ақын адамгершілікке,әділдікке,ынсапты болуға туған жерді туған анаңдай жақсы көруге,қара бастың қамынан гөрі халық мүддесін қашанда жоғары қоя білуге,өнер-білімді игеруге,махаббатқа адал болуды үндейді.Хұсрау мен Шырын –дағы негізгі бір ой өмірдің өтпелілігі туралы.Қорқыт атаның; «адам келеді,кетеді,оның түбі қайыр емес» –дегенін Баласағұн,Қашқари,Иүгінеки,Құтбта жалғастырған .Құтбта; «өтер желдей дүние,сен де өтерсің дүниеден» –деп келеді.Бұл бергісі Қорқыт атадан Абайға дейінгі жалғасып келген мәңгілік мәселе-өлім мен өмір философиясы.