.«ХҰСРАУ-ШЫРЫН»ДАСТАНЫНЫҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕСІ

«Хұсрау мен Шырын»поэмасын Құтб ақын қыпшақ-оғыз тіліне 1341-1342 жылдары аударған.Бұл-Тыныбектің Алтын Орда тағына отырған кезі.Аудармашы дастанды Тыныбек пен Ханша Малика-Хатунға арнайды.Құтбтың«Хұсрау-Шырын»дастанының жалпы көлемі-120 парақ,240 бет.Дастан 4740 бәйттен тұрады.Соның 4685 бәйіті Құтб өзі жазған жыр жолдары.Қалғандары шығарманы көшірулер тарапынан қосылған өдеңдер болып келеді.Құтб дастаны 91 тараудан тұрады.Көрнекті свет түркологы Ә.Н.Нәжіп парсы тіліндегі«Хұсрау-Шырын»түпнұсқасы мен қыпшақ-оғыз тіліндегі нұсқасының өзек-арқауы бір екенін ерекше атап көрсетеді.Ғалым бұл дастанның Құтб жасаған аударма нұсқасын жартылай төл туынды,дербес роман деп бағалайды.Құтб аударған«Хұсрау-Шырын»поэмасын қазақ тілі тұрғысынан жан-жақты зерттеп,бұл дастанның ғылыми сөздігін жасап шыққан ғалым А.Ибатов болды.Бұл сөздікте осы дастандағы 4400-ден астам сөз бен сөз тіркестеріне түсінік беріліп,нақты мысалдармен дәлелденген.