«ХҰСРАУ-ШЫРЫН» ДАСТАНЫНЫҢТАБЫЛУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ.

Азербайжан халқының кемеңгер ақыны Низамидің«Хұсрау мен Шырын»поэмасын Құтб ақын қыпшақ-оғыз тіліне 1341-1342жылдары аударған болса керек.Бұл дастанның жалғыз дана көшірмесі біздің заманымызға дейін сақталып жеткен.Қолжазба қазір Париждің ұлттық кітапханада сақталып келеді.Соның фото көшірмесі негізінде әдеби және тілдік зерттеулер жүргізілді.Бұл дастанды алғаш зерттеушілердің бірі пляк ғалымы А.Зайончковский.Бұл туындыны ол түркі тілінің қыпшақ диалектісінде жазылған аса құнды әдеби мұра деп бағалады.Мұны ол Низами поэмасының тікелей аудармасы емес,қайта өңдеп жазылған туынды шығарма деді.Ал,Е.Э.Бертельс болса,оны Низами поэмасының толық,көркем аудармасы деген болатын.Құтб аударған Хұсрау-Шырын поэмасын қазақ тілі тұрғысынан жан-жақты зерттеп,бұл дастанның ғылыми сөздігін жасап шыққан ғалым А.Ибатов болды.Бұл сөздікте осы дастандағы 4400-ден астам сөз бен сөз тіркестеріне түсінік беріліп,нақты мысалдармен дәлелденген.