"ЖҰМЖҰМАДАҒЫ» көрсетілген мәселелер

Кеңестік кезеңде оқырман қауымына беймәлім болған, қатаң тыйым салынған фольклорлық шығармалардың бірі – діни дастандар. Қазақ діни дастандарының таңдаулы нұсқалары ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Қазан, Уфа қалаларында басылып, халықтың рухани сұранысын қанағаттандырып отырғаны белгілі. Алайда кеңес дәуірі әдебиетінің тарихында діни сипаттағы мұндай мұраларға тыйым салынып, олар бірнеше буын оқырман үшін беймәлім болып келді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері ғана әдеби жәдігерлерді қайта жарыққа шығару мәселесі жолға қойылып, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге аса бастады.В.В.Радловтың ел аузынан жинауымен «Қубас» дастаны – 1870 жылы, ал «Қисса жұмжұма» дастаны 1881 жылы Қазан қаласында «Университет» баспаханасында басылған. Аталған дастанды ел аузынан жинап, қағазға түсіріп, баспаға дайындаған – Мәулекей Жұмашұлы. Жұмжұма – араб, парсы тілдерінде «бассүйек», «қубас» деген мағынаны білдіреді, яғни мәтінде де осы мағынада қолданылған. Тақырыбы мен сюжеті ортақ екі шығарманың атауы екі бөлек болғанымен, беріп тұрған мағынасы бір.Томға ұсынылып отырған осы екі мәтін мазмұны жағынан бір-біріне өте жақын, себебі екеуінің де сюжеті бір нұсқадан өрбіген. Ол – 1370 жылдары Хұсам Кәтиб жырлаған, ел арасына кеңінен тараған «Жұмжұма сұлтан» атты дастан. «Қубас» дастанының мәтіні – 1870 жылғы В.В.Радлов кі¬табынан, ал «Қисса Жұмжұма» мәтіні М.Жұмашұлы 1881 жылы бастырған нұсқадан әзірленген