ҚИССАС ҮЛ ӘНБИЯ ЕСКЕРТКІШІНІҢ ТАБЫЛУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ

"Қиссасу-л-Әнбия" - әдеби ескерткіш. "Оны 1311 жылы Рабғузи (Рабат оғызи деген екі сөзден қысқартып алынған) жазған. Рабғузи автордың бүркеншік аты, шын аты-жөні Насредин Бурһанетдин. Ол бұл еңбекті Рабат шаһарының әкімі, бек Насыретдин Тоқбоғаның тапсыруымен жазған. Кітапқа ертедегі түркі халықтарының қисса-хикаялары мен аңыз-ертегілері, өлең-жырлары негіз болған. Еңбекте барлығы 79 шығарма қамтылған. Олар тақырып, мазмұнына, идея-мәніне қарай үш топқа бөлінеді:
1.жер, көк, адамзат, хайуанат, жын-шайтан, періште, Адам Ата, от, топырақ жайлы түсініктемелер, әңгімелер.
2.пайғамбарлар, әулиелер өмірбаяндары, іс-әрекеттері туралы қисса, ертегі, аңыздар.
шежіре - мүсылман жыл санауы - хижраның алғашқы он жылы ішінде болған тарихи оқиғалар, жыл, ай, күн аттары, назым өлеңдер. Жинақтың алғы сөзі мен қорытындысы өлеңмен жазылған. "Қиссасу-л-Әнбия" алғаш 1914 ж. Қазан қ-ндағы Каримовтар баспасынан жарық көрген (479 бет). Түп нүсқадан көшіріп бастырғанИ.Салабхин молла Шәріп. "Қиссасу-л-Әнбия" қазақ арасына кең тараған. Сара Біржан салмен айтысканда осы "Қиссасу-л-Әнбиядан" мысал келтіріп сөйлейді