ГҮЛСТАН БИТ ТҮРКИ ДАСТАНЫНЫҢ ОЙ МҰРАТЫ
Саиф Сараи (1321, Сарайшық қаласы — 1396 ж. ш., Мысыр) — қыпшақ ақыны, Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі. Хан ұрпақтары арасындағы тақ таласы тұсында туған жерінен кетіп, өмірінің соңғы кезеңін мәмлүктер билігіндегі Мысырда өткізді. Саиф Сарайды Ә.Наджип қазақ халқының негізін құраған қыпшақ тайпасынан шыққан деп есептейді. Бізге жеткен елеулі еңбегі — бес мың жолға жуық түркі (қыпшақ) тіліндегі “Гүлстан бит-түрки” (1391) туындысын Сарайшықта бастап, Египеттегі Ніл өзені бойында аяқтаған. Дастанның негізгі бөлімі Сағдидің “Гүлстан” шығармасының еркін аудармасынан тұрады, сондай-ақ оған өзімен тұстас сегіз шайырдың ғазалдары, ақынның өзі жазған лирикалық өлеңдері, нақыл, ғақлия, толғаулары енген. Саиф Сарайдың бұл поэмасы 14 ғасырдағы қыпшақ әдебиетінде қалыптасқан әдеби дәстүр, озық поэзия үлгісі болған. Саиф қолжазбасы 1915 ж. белгілі болды, оның фотокөшірмесі Анкарада (1954), орыс әліпбиі негізіндегі транскрипциясы Ташкентте (1968) басылды.
1391 жылы аяқталған Саиф са¬райдың «Гүлстан бит-түрки» ат¬ты атақты шығармасы Мысыр¬дың әмірі түркіден шыққан Тайхасуға арналған.
ГҮЛСТАН БИТ ТҮРКИДЕ КӨРСЕТІЛГЕН ЭТИКА МОРАЛЬ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ақын өзі ұстаз тұтқан Сағди ақынның “Гүлстанын” аудару барысында шығарманың композициялық құрылысын бұзбай, сол күйінде сақтауға әрекет жасайды. Шығарма сегіз тараудан тұрады. Олар:
1. Ел билеушілер туралы.
2. Халық бұқарасы жайында
3. Қанағат-ынсаптың пайдасы жөнінде
4. Тілге сақ болудың пайдасы туралы.
5. Жігіттік шақтың көріністері хақында
6. Кәріліктің адамды кәріп етіп қоятыны туралы.
7. Тәлім-тәрбиенің әсері жайында
8. Әңгімелесудегі әдептілік мәселесі туралы
Бәрі прозалық қисса-хикаят түрінде айтылады.