Жер тәрізді планета
НАСА (АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы) күн жүйесінің сыртында бірнеше жағынан жер планетамызға қатты ұқсайтын жаңа бір планета тапқанын мәлімдеді. Дүниеге 600 жарық жылы (бір жарық жылы шамамен 10 триллион км) қашықтығындағы жаңа планетаға, жаңалықты ашқан НАСА-ның “планета аңшысы” телескобы Кеплердің «Kepler-22b» аты берілді. Қазіргі таңға дейін 1000-нан астам жаңа планета тапқан Кеплердің соңғы ашқан жаңалығының басқалардан үлкен айырмашылығы бар. Табылған жаңа планета Кеплердің миссиясында жұмыс атқаратын мамандардардың айтуы бойынша өмір сүру шарттарына сай келеді. Өйткені планетаның беткі қабатында су бар. «Kepler-22b»ның жер планетасына ұқсап көк түсті болып көрінуінің себебі де осы су қабаты. Жаңадан табылған планетаның Жерге ұқсастығы тек суының бар болуы ғана емес. «Kepler-22b» айналатын күнге ұқсас бір жұлдыз орбитасының дәл ортасында орналасқан. Планета Жерден 2,4 есе үлкен және жылдам әрекет етеді. Өйткені өз жұлдызының айналсын 290 күнде айналып шығады. Зерттеушілер «Kepler-22b»ның, сұйықтықтан, газдан немесе қатты тастардан құралатынын немесе басқа екенін әлі анықтамағанын айтуда. Бірақ планетаның жерге қатты ұқсайтыны жөнінде ортақ пкірде.