Газды сусындар
Жаз айларының басталуымен көптеп ішілетін газды сусындардың денеге біршама зияндары бар:
• Газды сусындардағы қышқылдар мен шекерлер тіс эмалін кетіреді.
• Тістегі жұмсақ ұлпаның (пульпа) өлуіне себеп болуы мүмкін.
• Экзема, демікпе (астма) ауруларына себеп болуы мүмкін.
• Газды сусындарға жүгерінің фруктозалы шырыны қосылады. Бұл зат жүрек және қант диабеті ауруларына себеп болатын зат алмасу процесінің нашарлау қауіпін арттырады.
• Ұзақ (тұрақты) тұтынылған жағдайда бүйректегі тасқа және басқа да бүйрек ауруларына жол ашатын жоғары мөлшерде фосфор қышқылы қосылады.
• Жыныстық тұрғыда уақытынан ерте жетілуге және жыныс мүшелері ауруларына жол ашады.
• Газды сусындарды ішкеннен 20 минуттан кейін қанның құрамындағы шекер мөлшері артады. Соған байланысты шекер мөлшерін төмендету мақсатында ағзамыз өзінен инсулин шығара бастайды.
• Бауыр, шекерді жылдам түрде майға айналдырады.
• Газды сусындардың құрамында фосфор қышқылы мен жоғары мөлшерде фосфат бар.
• Ұзақ (тұрақты) тұтынылған жағдайда остеопороз қауіпін арттырып, сүйектің сынуына жол ашады.
• Фосфор зәрмен шыққан кезде, кальцийді өзімен бірге алып кетеді.
• Әрбір газды сусын семіру қауіпін 1,6 есе арттырады.
• Жүрек-қан тамырлары ауруларының 70 пайызы семіздікке байланысты.
• Қант диабетіне шалдығу қауіпі 80 пайызға көп.
• Газды сусындардың ыдыстарында, пластикалық бөтелкелерде ВРА элементтерінен құралған қатерлі ісік тудыратын қабат түзіледі. - See more at: http://balalaralemi.kz/article/2241/Gaz ... m2w9tKLTIU