Сотталған жануарлар
- Әлемде сотталған жануарлар болғанын естуіңіз бар ма? Европа елдерінде адамдардың арасында еркін жүргендіктен ең жиі және ең көп сотталған жануарлардың басында шошқалар тұрған. 1864 жылы Словенияда бір қыздың құлақтарын кеміріп жеген бір шошқа, өлім жазасына кесілген еді. Шошқаның иесі мүгедек болған қызға келешекте тұрмысқа шыға алуы үшін жеткілікті ақша беруге мәжбүр болған еді.
- 1712 жылы Австралиялық бір адамды тістеп алған ит, қолдары мен аяқтарын кіргізіп, кісендеп қоятын тесіктері бар азаптау құралымен 1 жылдық азапталу жазасына кесілген.
- 1314 жылы Францияның Мойси ауылында мүйіздерімен бір адамның қарнын жаралаған бұқа асып өлтірілген.
- Швецарияда екі қарақшы, итімен бірге екі адамның жолын торып, тонаған еді. Бұл ит адамды өлтіреді. Қылмыскерлер ұсталып сотқа тартылғанында өмірінің соңына дейін түрмеге қамалу жазасына, ал ит өлім жазасына кесілген.
- 1494 жылы бір шошқа бір бөпенің өліміне себеп болу кінәсімен сотталып, өлім жазасына кесілген.
- Жануарлар жазаландырылған немесе марапатталған жағдайларда бұлардың кінәлары немесе ерліктері кейінгі ұрпақтарына мұра болып қалатын. Мысалы: Қатты ысылдап Галлылардың шабуылын хабар беріп Римді құтқарып қалған қаздардың немерелері осы қызметтері үшін әр жылы марапатталып отырған.
- 864 жылы Германиядағы сот, бір адамды шағып өлтірген бір топ араның түтінмен өлтірілуіне шешім қабылдаған.