Теңіз балдырларынан жасалған отын
Ғалымдар теңіз балдырларының құрамындағы шекерді отынға (жанармайға) айналдыратын техника ойлап тапты. Алдағы 3-4 жыл ішінде теңіз балдырларынан алынатын жанармайлар көлік түрлеріне қолданымға өтеді деп болжануда. Жүгері немесе шекер қамысы сияқты әртүрлі өсімдіктерден алынатын биоотын онсызда қазіргі таңда қолданылуда. Сонымен қатар азық-түлік ретінде де қолданылуда. Бұларды өндіру үшін көп мөлшерде егістік жер, таза су және тыңайтқыш қажет. Алайда теңіз балдырын өсіру үшін бұлардың ешбірі қажет емес. Биоархитектур лабораториясындағы және Вашингтон университетіндегі зерттеушілер микробтарда альгинат бөлшектеуші гендерді табуды және бұларды E.coli бактериясына қосуды жүзеге асырды. Ерекше түрде жетілдірілген осы E.coli бактериясы қоңыр түсті теңіз балдырларынан биоэтанол өндірілуін қамтамасыз етеді. Биоэтанолды бензинге араластыруға болады және аз ғана өзгертіп немесе мүлдем өзгертпестен автокөліктерде қолдануға болады. Бұл мәселедегі ең күрделі кедергі, теңіз балдырларын жеткілікті мөлшерде өндіре алуды қамтамасыз ету. Жеу үшін жылда бірнеше тонна егіледі екен, бірақ теңіз балдыры отын ретінде қолданылатын болса миллиардтаған тонна өндіру қажет болады.