Өкпесіз өмір сүрейік
Шəкірті ұстазына айтыпты:
- Сіз үнемі көңілді жүресіз. Ешкімге ашуланбайсыз, ренжімейсіз. Менің де сіз сияқты болғым келеді. Көмектесіңізші.
Шəкіртінің өтінішіне келісім берген ұстазы картоп пен қалта əкелуін бұйырыпты.
- Егер біреуге ашуланып, ызаланып, ренжісең, бір картопты ал да, соған ренжіткен адамның атын жаз.
- Сол-ақ па? - дейді шəкірті.
- Жоқ, сол қалтаны үнемі өзіңмен бірге алып жүруің керек. Біреуге ренжіген сайын бір картоптан қосып отырасың.
Шəкірті келіседі.
Біраз уақыт өткен соң қалтасы картопқа толып, өзімен бірге алып жүру қиындайды. Алғаш салған картоптары шіріп, саси бастайды.
Шыдамай кеткен шəкірті ұстазына келіп:
- Ұстаз, мына қалта ауыр болып кетті. Əрі шірігендерінің сасық иісіне шыдау мүмкін емес. Ашуланбаудың басқа жолын үйретіңізші, - дейді.
- Мұны саған не үшін істеттім? Біреуге ренжіген сайын ішкі жан-дүниеңде де осы құбылыс болады. Жүрегің ауырлап, таза ниетің бұзылып, жаман ойларың саси бастайды. Оны сен байқамауың мүмкін. Бірақ, ісің - əдетке, əдетің - мінезге айналады. Біреуге ренжімес бұрын не біреуді ренжітпес бұрын "үнемі өзіңмен бірге артық жүк арқалап жүру" керек пе, керек емес пе, ойлан, - депті ұстазы.