Эпистолярлық стильдің тілдік сипаты қандай? Хаттарға шолу жа

Бұл стиль – жеке адамдардың бір-біріне жазысқан хаттарының тілін танытатын сөз мәнері. Қазақ тілінде жеке адамдардың бір-біріне жазысқан хаттары ХІХ ғ. 30 – жылдарынан бастап табылады. Олар, әрине, санаулы ғана. Дегенмен, әзірге бізге жеткендерін сөз етуге болады. Бұлар: атақты жауынгер ақын Махамбет Өтемісұлының 1839ж жазған хаты, ол бұл хатты Жем, Сағыз, Қайнар бойын жайлаған Әлім руының бірнеше беделді адамдарына жолдаған. Қазақша эпистолярлық стильдің келесі бір белгісі – түркі жазба әдеби тілдеріне тән кейбір грамматикалық тұлға-тәсілдерді пайдалануы. Мысалы, өлеңдері таза қазақша Махамбет «хурматлу батырларға» жазған хатында уа, уа һәм, бірлән, білән деген шылауларды кездестіреміз. Қазақша хаттардың тілінің стильдік және лекс.грамм. ерекшеліктері барлығында да бірдей емес: біреулерінде «түркіше» элементтер басым, екіншілері біршама қазақша жазылған деуге болады, үшіншілерінде тіпті , орыс тілдері мен обороттары жиірек кездеседі. ХІХ ғ. ІІ жартысында қазақ тілінің эпистолярлық стилінің басты белгілері:
1) Таза стильдік сипаты болды. Ол – хаттың стандарт эпиттермен келген қаратпа сөзден басталатындығы: хурматлу, ғизатлу, сүйүклу. Одан соң «дуғаи сәлем» жолданатындығы. Текст ішінде алхамдилла сынды арабша қыстырмалардың болатындығы. Хат соңында «язғучы пәленше» деп аяқталатындығы,
2) Түркі жазба элементтері орын алды. Олар лексика саласында да, морф. Саласында да, орфография саласында (ж ның орнынны й, с орнына ш жазу) болды.
3) Эпистолярлық дүниелер тілінің лексикалық және грамм. Негізі қазақ тілінде екендігі. Бұл – сол ғасырдағы қазақ тілінің эпистолярлық стилінің негізі қазақтың сөйлеу тілі мен сол тұстағы ұлттық жазба тілі болғандығын танытады. Бұл белгіні қазақ авторларының хаттарын хұсайын файзхановтың Шоқанға татарша жазған хатының текстімен салыстырғанда айқын көруге болады.
4) Эпистолярлық жазбалар тілінің лексикасында орыс тілі арқылы келген сөздердің молдығы, яғни қазақша баламасы жоқ тың ұғымдардың атауларын орыс тілінен алып жұмсау – осы стильдің де, ұлттық жазба тілдің де басты даму принциптерінің бірі екендігі.