Ресми іс-қағаздар стиліндегі канцеляризмдер, стандарттар, те

Ресми іс-қағаздар стилінің лексика құрамындағы ерекшелігі – кейбір канцеляризмдердің (ресми іс-қағаздары стиліне тән стандарт сөздер мен тұлғалардың) пайда болып тұрақтала түсуінде. М: бұйрық –жарлықтарға бір нәрсені міндеттеу ұғымын білдіретін етістік тұлғасы қазақша көбінесе шартты рай мен керек сөзінің тіркесі арқылы берілетін болған. М: ..аталған жарлықтағы...жоғары көрсетілміш тәртіп бойынша қол қоюшылардан басқа екі кісі куәләндіріпқолдарын қойсалар керек деген сөйлем орысша ...должно быть подписи двух свидетелей» дегеннің аудармасы. Бұлардағы қойсалар керек, тұрса керек деген тұлға осы күнгі қоюлары керек, тұрулары керек дегеннің баламасы ретінде н/е қойсын, тұрсын түріндегі бұйрық рай тұлғасының қызметінде келген. Стильдік стандарт элементтер қатарына мағлұмдүр, төмендегі, жоғарыдағы, бұйырамын, тағайын қылынады, аталмыш, турадағы, не мекемеге қараған, пәлен болысқа сияқты сөздер жатады. Осы стильдің келесі белгісі өзіне тән кейбір терминдері қалыптаса бастайды, олардың дені қазақ сөздерінен жасалғандар болып келеді. М: приказ термині бұйрық, распоряжение – жарлық, ереже, прошение, арыз, подпись – қол, төре, ұлық, тергеу, даугер, заң, дау, бітім, кеңес және т.б.