Кейбір септігі жалғауларының түсіріліп айтылуының себебін тү
ХІХ ғ. І ж. Қазақ әдеби тілінің грамматикалық сипатының бір ерекшелігі – септік жалғауларын түсіріп қолдануда. Белгілі бір сәттерде ілік, барыс, табыс септіктеріндегі сөздердің жалғауларын түсіріп айту құбылысы бар екендігі мәлім (кітап беттері-кітаптың беттері) хат жаздым-хатты жаздым, базар бардық-базарға бардық. Ал өлең текстерінде айтуға болмайтын сәттерде де сөзді тиісті септік жалғауынсыз айту фактісі кездеседі. Бұл-әсіресе, XV-XVIIIғ. Поэзиясында кәнігі тәсіл. Ол ХІХ ғ. І ж. әдебиет үлгілерінде де кездеседі. М: ханның кірген ақ орда Бұзуын ойлап кеңестік (Махамбет) деген сөйлемді: ханның...ордасының бұзуын ойлап.. болуы керек еді. Сол сияқты Қабырғадан аққан қан Ат бауырына төгілтіп дегенде де ақ қанды төгілтіп болуға тиісті. Бұл құбылысты өлең тіліне тән стильдік тәсіл деуге де болады. Өйткені септік жалғауынсыз келген сөйлем бөлігі өз алдына атаулы сөйлем тәрізді болып, өзіне назар аудартады: Ханның кірген ақ ордасы. Соның бұзуын ойлап кеңестік деген сияқты конструкцияны құруға болар еді. Ал малың бер де, басың қос деген сияқты өлең жолдарындағы түсірілген жалғаулар(малыңды, басыңды болуы керек еді) мұндай стильдік жүкті арқаламайды. Бұлар өлең өлшемі көтермегендіктен, ықшамдалған сәттер.