Грамматикалық формалардың қалыптасуындағы –дай, (-дайын, -дү
ХVІІІ ғ. Кейбір грамматикалық мағыналарды беруде варианттылық орын алады. М: етістіктің супин (мақсат) мағынасында –арға мен –уға қосымшалы түрлері қатар қолданылады. Бұл тұлғаның екі түрлі вариантта келуі бар: өткен шақ есімшенің көрсеткіші –тұғын және –тын, салыстыру мағынасын беретін жұрнақ –дай және дайын, шылау және көмектес септік көрсеткіші мен/менен варианттарында келеді: Ішетұғын ерлерге Қымыздан басқа бал бар ма (Ақтанберді). Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын (Тәтіғара). Жекендейін сусылдап... Ор қояндай қабақты (Ақтамберді) т.т бұл жарыспалылық, бір жағынан , әдеби тілде варианттылық көрінісін танытады. Өлең өлшеміне н/е ұйқасына қарай жоғарғы көрсетілген параллель тұлғалардың бірде толық, бірде ықшам түрлерін пайдалану – қазақ поэзиясында күні бүгінге дейін келе жатқан құбылыс. Форманттардың грамматикалана түсіп, фонетикалық трансформацияға ұшырауына келгенде, алдыңғы дәуірлердегідей, - тұғын/-тын, -дағы/да, менен/менғ дүр/ды паралелльдері бар.