Шортанбай тіліндегі діни лексика элементтеріне мысалдар келт

«Діни» лексика әсіресе дінді арнай сөз еткен н/е оны үгіттеген қаламгерлерде көбірек кездесетіндігі түсінікті. ХІХ ғ. Орта тұсынан бермен қарайғы қазақ сазгерлерінің ішінде мұндай авторлардың бірі – Шортанбай. Ол өзінің идеологиялық көз қарасында дінге, оның ішінде мұсылманшылыққа иек артқан ақын, кейде тіпті ол мұсылманшылықтың жаршысы болып толғайды. Оның сараң адамға берген анықтамасы «малдан зекет бермеген, аузына Құдай кірмеген» деп келеді. Сондай-ақ «мал бақтырар пайдаға, зекетсіз мал айдама», «құдіретке көніңіз, құдайменен ойнама», « бұл дүниеде пайда жоқ, өлгеніңше дін сақта» «Аузыңа харам салмаңдар», «өлуі болмай қоймайды туғаннан соң пенденің», «құбылаға бас қоймақ Мұсылманның тарығы» ,«амалым нешік құдайға» сынды діни сөздерді кездестіреміз.