ХІХғ. І жартысындағы оқу-мәдениетке қатысты сөздер мен орыс
Көркем әдебиет тіліне еркін ене бастаған сөздердің бір тобы – оқу-ағарту, мәдениетке қатыстылар. Себебі, біртабан ілгері жылжыған қазақ қоғамында оқу, рухани дүние сөз бола бастауы – заңды құбылыс, Махамбет, Дулат, Сегізсері, Шортанбайлар мұсылманша сауатты ақындар болғандықтан, оқу-білімді, өнерді сөз етпей н/е осы салаларға қатысты сөздерді не тура мағынасында, не образ үшін пайдаланбай отыра алмағандары және түсінікті. Сондықтан өткен ғ. І ж. Қазақтың төл әдеби тілінде молда, сабақ, сабақ алу, сабақ оқу, хат, сызу, кітап, ұстаз, өнер, ғалым, ділмар, шешен, медресеғ насихат, т.б сөздері қолданылады. ХІХ ғ. 50-70ж. Қарай қазақ әдебиетінің сөздік құрамына орыс сөздері едәуір ене бастады. Қазақ даласын билеудің 1822 және 1867-68 ж. Реформа-тәртіптеріне байланысты хандық билік жойылып, әкімшілік, заң жүйесінің жаңа институттары пайда болуына, орыс саудасының күшеюіне, шаруашылықтың егін салу, жер жырту, орман күту сияқты жаңа түрлерінің жандана бастауына байланысты ондаған орыс сөздері қазақ әдеби тілі айналымына түседі. Бұл кездегі көркем әдебиет үлгілерінен болыс, старшын, майыр, сот, медәл, піркәшік, тілмәш, салдат, барабан, кір, бөз, базар, самауыр, тарантас, т.б сөздерді табамыз.