Бұқар жырау шығармашылығындағы көркемдеуіш элементтер мен тұ

Бұқар жырау өзіне дейінгі қазақ поэзиясы тілін түгелімен пайлдаланып, оны әрі қарай жалғасытрушы, және XVIII ғасырға дейінгі 2-3 жүзжылдықтар бойы жасап келген әдеби тілдік дәстүрді түйіндеуші. Ол азаматтық поэзияны тақырып әрі түр жағынан жетілдіріп, кемелденген поэзия үлгісін жасады. Бұқар шығармашылығынан теңеуден бастап («Боз жорғадай бұлғаңы», «Әбжыландай есіліп»), параллельді тұжырымдар («Бір жақсымен дос болсаң, Азбас-тозбас мүлкі етер, Бір жаманмен дос болсаң, Күндердің күні болғанда, жүмле ғаламға күлкі етер»), дәстүрлі модельмен жасалған метафоралар: жіктік жалғауы арқылы (мен өгіз терісі талыспын), бір нәрсені екінші нәрсеге балау арқылы («тоқсан бес деген тор екен»), эпитеттерді («алпыс алты орда», «қалы кілем», «қызыл аяқ мал», байрақты жер», «қайғысыз ұйқы», «толғамалы қамшы», т.б), -ған жұрнағы арқылы жасалған эпитеттер («ардақталған сұлулық», «қайысқан қол», «жұпар иісі аңқыған»), келер –ар жұрнақты есімше арқылы жасалған эпитеттер («құландар ойнар қу тақыр», тоқымы кеппес ұры»). Осындай көркемдегіш құралдардан бөлек, XV-XVII ғғ. Қазақ поэзия тілінен келе жатқан көркемдеуіш құралдардың бірі – тек эпитеттермен ғана жұмсалатын сөздер тобы. Мысалы, орда сөзі: қалайылаған қасты орда, ақ ала орда, еңсесі биік боз орда. Жұрт, алаш сөздері: ауыр жұрт, сан алаш, т.б. Өзгелерде жоқиүшкілсіз көйлек, қу таяқты кедей, тұрымтайдай ұл, қызық аяқ, т.б.