15-17 ғ.ғ. әдеби тіл лексикасындағы көне сөздерге мысал келт

Көнерген сөздер:1. Бұл күнде мүлде қолданылмайтын бейтаныс түрлер;2.Қазір де түсінікті, бірақ қолданыстан шығып қалған пассив элементтер;3.Қазір де қолданылатын, бірақ өзгеше мағынаға ие болған дар. Алғашқы қатарда қыпшақ тобындағы тркі тілдеріне о бастан тән емес, көне түркілік бірен-саран сөздер бар. Мысалы, Асан қайғының: Ал қолыңды маларсың алтын менен күміске деген жолдарындағы ал сөзі көне түркілік қол деген сөзі, сол сияқты жазы – дала, жапан дала, салу – қалдыру, тастап кету, толғамалы – оралған, соңратын – соң, кейін сөздері өте көне, мағыналары бұл күнде не күңгірт тартқан, не өзге мәнде, онда да омоним ретінде қолданылатындар. Мысалы, “қалдыру, тастап кету” мағынасындағы салу етістігі мен “қою, енгізу”ұғымын дағы осы күнгі салу етістіктері бір ұядан өрбіген, яғни семантикалық қозғалысқа түскен бір сөз емес, сыртқы тұлғалары бірдей, мағыналары бөлек омонимдер, “ал” сөзі де сондай : қол мағынасындағы ал мен түсті білдіретін ал сөздері омоним тұлғалар. Құрсау сөзі, “орау” мағынасындағы толғау деген сөз немесе айдай әлем, күндей күлем деген тіркестегі күлем сөздері тұрақты тіркес – фразеологизмдер құрамында ғана сақталған “сарқындылар” , ал жазы, сақын, соңратын сөздері осы күнгі жазық, сақтан, соң деген сөздермен түбірлес, сол себептен контекске қарай түсінігі де оңайырақ баламалар болғанымен , қазірде қолданылмайтын тұлғалар. Үшінші топқа қарындас, жұрт, алаш, ару, ауыр, қыршын, озу тәрізді сөздерді жатқызуға болады. Бұлар мағыналары біраз өзгеріп, семантикалық қозғалысқа түскен сөздер. Қарындас сөзі бұл күнге дейін екі мағынада қолданылады, бірақ осы кездегі әдеби нормадағы мағынасы “ер адамның жасы кішіәйел жынысты туысқаны” және жалпы ер адамға байланысты айтылғандағы жасы кіші әйелзаттың атауы. Ал ертеректегі қазақ әдеби тілінде бұл сөздің түпкі мағынасы және түркі жазбаларында кездесетін “бірге туысқан адам, аға, іні” деген ұғымнан ауысқан “жалпы туысқан, жақын рулас адам” дегенді білдіреді. Асан қайғының: Ол күнде қарындастан қайырым кетердегенінде де, Шалкиіздің: Жайыңды білген қарындас Ол қарындас әм жолдас дегенінде де бұл сөз әйел жынысты емес, руластар жайындағы ойды білдіреді. Ауыр сөзі ертеректе жұрт, қол сөздерімен тіркесіп, “күшті, мықты, зор” деген мағыналарды берген: Алқалаған ауыр қолдар тоқтарға. Байтақ сөзі бұл күндегі әдеби тілімізде “ұшы-қиыры жоқ, кең” деген сын есімдік мағынада қолданады. Ал Шалкиіздің бір толғауында: Алаштан байтақ озбаса, Сыпайшылдық сүрмен-ді десе, мұндағы байтақ сөзінің семантикасы бөлекше. Байтақ бұрын қазақ тілінде зат есім мағынасында қолданып, “белгілі бір жұрт , халық тұтастығы ” деген ұғымды берген. Соқта сөзі қазіргі “шәкірт” мағынасында тек қазақпен ноғай әдебиетінде сақталған деп С.Сейфуллин атап өтеді. Қазірде де қолданыста бар, мағынасы да айқын ару сөзін ертедегі нұсқалардан жиірек кездестіреміз, мұнда бұл сөзекі түрлі мағынада келеді: бірі жеке тұрып, “сұлу, көрікті әйел, сүйікті қыз, жар” деген мәнде. Доспамбет жырау өз портретінде: Алғаным Әли ағаның қызы еді, Қас арудың өзі еді десе, екінші бір жерінде: Зерлі орындық үстінде, Ал шымылдық ішінде Тұлыымшағын төгілтіп, Ару сүйдім - өкінбен – дейді.