Әдеби тілдің анықтамасы туралы қандай ғалымдардың пікірін бі
Әдеби тіл дегеннің мазмұны, сипаты жөнінде тек қазақ тіл білімінде емес, жалпы отандық лингвистикада анық айтылған тұрақты пікір жоқ. Будагов Р.А: . “Әдеби тіл дегеніміз – жалпыхалықтық тілдің хатқа түскен, белгілі-бір діәрежеде өңделген ерекше түрі. ” Чикобава А.С: “Тіл білімі тарапынан алғанда әдеби тіл деп тек көркем әдебиет емес, ғылыми зерттеулердің, саяси трактаттардың, газет-журналдардың тілін де, қысқысы, жазба тілді айтамыз”. Зерттеушілердің көпшілігі әдеби тіл ұғымы тарихи жағынан құбылмалы деп таниды. Сондықтан кейбір халықтардың жазу дәстүрі тумаған немесе өрбімеген, я болмаса бір кездерде жазуы болып, кейін әр түрлі себептермен дамымай қалған дәуірлерінде де әдеби тілі болуы мүмкін деген пікірлер де орын алып жүр. Бізде де әдеби тіл статусын жазумен ғана байланыстыру идеясы жоқ емес. М.Балақаев: “Әдеби тіл – жазба тіл. Жазба әдебиет арқылы тіл байлықтары, оның құрылысы сымбатты қалыпқа түсіп, екшеледң. Жазуы болмаған халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды” – деп жазады. Дәл осындай тұжырымды Ғ. Мұсабаев та айтады: “Әдеби тіл ең әуелі –ақ жазуға сүйенеді. Жазу стилінсіз әдеби тіл болмақ емес”. Енді бірқатар зерттеушілер қазақтың әдеби тілін 19 ғасырдың екінші жартысынан басталады деп, мұны ұлы ағартушы-демократтар Аба й мен Ыбырайдың есімдерімен байланыстырады. Халықтың әдеби тілінің қалыптасып дамуы сол халықтың әлеуметтік тарихымен тығыз байланысты. Әдеби тіл жайын арнайы сөз еткен М.Әуезов: “Қазақтың әдеби тілін Абайдан басталады дейтін тілшілерге дау айтамыз. Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпостарындағы, ұзынды-қысқалы салттық, тарихтық жырларындағы шебер, көркем өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма?” – дейді. Осыған үндес пікірді І.Кеңесбаев та айтты: “Абайға дейін де қазақ әдеби тілінің ұрығы себілген болатын...олар жаңа туа бастаған жазба әдебиеттің кейбір уәкілдерінің шығармаларынан табылады” – деп жазды. Абайдың алдында өткен Шортанбай, Базар, Бұхар жыраулар жазба әдебиет өкілдері , Абайдың ірі ақын болуына себепкер – осы бай әдебиет дегенді С.Мұқанов та айтты. Қазақ тілі тарихына назар аударған ғалым Н.Сауранбаев қазақтың толық мағынасындағы әдеби тілі Совет заманында ғана қалыптасты дегенді айта отырып, оның революциядан бұрын жасалған бірнеше затық, ұлттық негізі болды дейді. Белгілі бір жанрларға қызмет еткен жазба тіл дәстүрін қазақ қоғамы да ұстанып келді, бірақ бұл тіл қазақтың көркем әдебиетіне, әсіресе поэзиясына бойлап ене алмады, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің негізі ретінде қалыптаса алмады. Дегенмен бұл жазба дәстүр қазақтың ауызша әдеби тіліне де, ұлттық жазба әдеби тіліне де игілікті әсер тигізгенін, сөздікті толықтырып, кейбір грамматикалық тұлға-тәсілдерді ұсынғанын жоққа шығаруға болмайды.Сонымен, Әдеби тілдің ең басты белгісі – оның өңделген, сұрыпталған, нормаланған тіл болуы.