Профессор С.Аманжолов, М.Балақаев, С.Исаев және Р.Сыздықовал

М .Балақаевтың «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері », С. Аманжолов «Қазақтың әдеби тілі», Р. Сыздықова «Қазақ әдеби тілінің тарихы» еңбектерінің бәрі де әдеби тілдің мәселелерін көтерді. Мысалы, Рабиға Сыздықованың еңбегі қазақ әдеби тілінің ХV –ХIХғасырлардағы қазақ әдеби тілінің лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін ақын-жыраулар поэзиясымен талдап көрсете отырып оқырманға түсінікті тілде жеткізеді. Қазақ әдеби тілінің қайнар көзі халық ауыз шығармашылығы екенін айтады. Қазақ әдеби тілінің құрамына кірме сөздердің енуінің ғасырында көрсетіп талдайды. 1968жылы жарық көрген «Қазақ әдеби тілінің тарихы» (Авторлары М.Балақаев, Р.Сыздықова, Е,Жанпейісов)атты оқу құралында да әдеби тілі тарихын өзгеше баяндайтын зерттеуші концепциясы негізге алынғандықтан, қазақ әдеби тілінің даму барысы мынадай кезеңдермен байл.ты қарастырылды:
1 кезең. ХVIII-ХIХғ. Әдеби тіл.
2 кезең. ХIХғ. Iжартысындағы әдеби тіл.
3 кезең. ХIХғ. IIжартысындағы әдеби тіл.
4 кезең. ХХғасыр басындағы әдеби тіл.
5 кезең. 1920-1930 жылдарындағы
6 кезең. 1940 жылдан кейінгі әдеби тіл.
Бұл дәуірлер қазақ әдеби тілінің тарихын ғылыми-теориялық тұрғыдан гөрі, қазақ халқының әлеуметтік өмірінің хронологиялық мерзімдеріне қарай жасалған шартты кесте екенін мойындау керек.