Академик – жазушы М.Әуезовтің қазақ әдеби тілі тарихының мәс

Мұхтар Әуезовтың «Қазақтың әдеби тілі туралы » атты еңбегі бар. Әдеби тіл жайын сөз еткен М.Әуезов: «Қазақтың әдеби тілін Абайдан басталады дейтін тілшілерге дау айтамыз. Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпостарындағы, ұзынды-қысқалы салттық, тарихтық жырларындағы, шебер, көркем өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма? Бұхар , Махамбеттерде қазақ әдеби тілінің үлгі-өрнектері жоқ деуге бола ма?» - дейді. Осы Әуезовтың пікірін қолдап І. Кеңесбаев: «Абайға дейін де қазақ әдеби тілінің ұрығы себілген болатын, олар жаңа туа бастаған жазба әдебиеттің кейбір уәкілдерінің (Махамбет Өтемісұлы, Ыбырай Алтынсарин сияқты) шығармаларынан табылады»-деп жазды. Абайдың алдында өткен Шортанбай, Базар, Бұхар жыраулар жазба әдебиет өкілдері, Абайдың ірі ақын болуына себепкер – осы бай әдебиет дегенді Сәбит Мұқанов та айтты. Мұхтар әуезов «тақырыбы мен жанрлары жағынан сан алуан қазақ халқының ауыз әдебиеті ХV-ХVII ғасырларда кеінен дамыды. Өлең-жырлар, тапқыр шешендік сөздер халықтың қоғамдық және рухани өмірде көрнекті орын алды. Сол кездегі мақалдар мен мәтелдер сөз өрнегін халықтың аса қадірлегінін көрсетеді. » . бұл дәуірде тараған әдебиеттерді үш топқа бөлуге болады.
1) ауыз әдебиеті үлгілері.
2) ауызша тараған авторлы әдебиет
3)жазба әдебиет үлгілері.