А.Байтұрсынов – қазақ жазуының реформаторы
1920жылдан бастап, А.Байтұрсынұлы ғылыми-педогогикалық жұмыспен айналысты, қазақ грамматикасын(Тіл құралы) жазды. Үш кітаптан тұратын бұл еңбегінде қазақ тіл білімінің қазіргі кезде қолданыста жүрген көптеген терминдерін қазақ тлінде қалыптастырп үлгерді. Бастауыш, баяндауыш, шылау, зат есім, етістік, терминдерді, ана тілі, жабық мәсіліс, ашық хат сияқты номинацияланған қолданыстарды дүниеге келтірді. Әдебиет, мәдениет, тарихқа байланысты жазғандары төте жазуды пайдаланып, «Қазақ» (1913-1918жж Орынбор) газетін шығарудағы еңбегі қазақ халқының мәдени өміріндегі баға жетпес үлес. Рның шығармашылық өмірінің жетілген кезеңі осы жылдар. Ахмет араб графикасына негізделген қазақ алфавитін түрлендірді. Ол түрлендірген алфавитті белгілі түрколог Поливанов ұлы жаңалықтардың қатарына жатқызыды. Яковлев, Менгес, Комри сияқты шетелдік ғалымдар «Байтұрсынов алфавитінің » жетілген алфавит екенін мойындады. Орыс ғалымдары алфавиттің құндылығын: «Жоғары білім алмаған жәәне өзінің пәрменді іс-әрекетінің ақырына қарай ғана орыс тілі мамандарымен байланыс орната алған Байтұрсыновтың алдыңғы қатарлы ғылыммен бір деңгейге жете алғанын атап өтпесе болмайды.» деп бағалады. Ахмет бұл жаңалыққа кездейсоқ келмегені белгілі. Қатарынан бірнеше жыл бойы оқытушылық қызмет атқару барыснда (орынбор, ташкент, алматыда, торғайда)көп нәрсені көңілге түйіп, байыбына көз жеткізді, қазақ мектебінің оқытудағы жүйксіздіктен тығырыққа тірелгенін көрді, тығырықтан шығу жолы әліпбиді ретке келтірп, «жосықты оқу»жүйесін енгізді. Ол өзі енгізген төте жазуға халық тілінің дыбыстық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін негізге алды.