Ұлттық қалыптасу дәуірінде жазба әдеби тілдің лексикалық құр
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы ұлттық жазба әдеби тіл өзіне дейініг қазақтың ауызша тараған төл әдеби тілінің бар қазынасын түгел пайдаланғандықтан, бұрынғы лексикалық қат-қабаттар мен нормалары бұған да тән болды. Сонымен қатар мұнда сапалық өзгешеліктер орын алды. Әдебиеттің жаңа жанрларының пайда болуына және шығарма тілінің сол шығарманың идеялық-тақырыптық мазмұнына үндесе түсуіне байланысты лексикалық топтар көбейіп, сөздік құрам жаңа көздер мен байыды. Бұл кезеңдегі қазақтың ұлттық әдеби тілінің лексикасындағы ерекшеліктердің бірі – жаңа сөздердің көптігі болды. Мұнда бұрыннан бар сөздердің де мағынасын ауыстырп, немесе қолданылу жиілігін арттырып, тұрақтандыру да, өзге тілдерден сөз алу да, қазақ сөздеріне жұрнақ жасап жаңаларын жасау да орын алды. Әсірісе сондай орайда –лық жұрнағының қызметі күшейді. Мысалы, Абайдың бір өзі осы жұрнақ көмегімен ондаған жаңа жеңсікқойлық. Бұл атаулардың бірқатары тұлға ретінде де бұрында да бар болғанымен, белгілі бір терминдік мәнде жұмсалмайтын. Лексика толықтырудың келесі жолы бұрыннан қолданылып келген араб-парсы сөздеріне жаңа, нақты мағына беру арқылы жүзеге асқан. Мысалы, ғылым, хисап, кітапхана, дарухана, өызмет деген сөздер қазақ қауымы үшін енді-енді таныс бола бастаған наука, библиотека, управление, служба деген терминдердің баламасы ретінде тұрақтала бастайды. Қазақ лексикасы орыс сөздерімен толықты. Әсіресе Ресей империясының ел билеу-сот жүйесіне, сауда-саттыққа, орыс мәдениеті арқылы келген әртүрлі зат, бұйым, іс-әрекет атауларына, оқу-ағартуға байланысты жаңа ұғымдарды орыс сөздерімен білдіру принципі орнықты. Мысалы бір ғана сала – қазақ даласына келген Ресей империялық сот істеріне қатысты закон, адвокат, дознание, судья сияқты орыс сөздері баспасөзде де, ресми іс қағаздарында да, Абайда да еркін пайдаланылды. Лексикалық нормалануға қатысты мәселелердің бірі – терминология жайы. Бұл процесс ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақтың төл жазба тілінде едәуір жанданып, өмірлік жолдама ала бастаған құбылыс. Ол жөнінде жоғарыда әр стильді сөз еткен тұстарда кеңінен айтылады. Мысалы, бұрын жалпы ұғымдағы сайлау сөзі енді белгілі бір әлеуметтік-саяси актіні білдіретін терминге айналды. Сөз етіп отырған кезеңдегі жергілікті ерекшеліктер ұлттық тілдің сөздігін толықтыратын көз ретінде қызмет етті деуге болады. Бұлардың бірсыпырасы қазіргі қазақ тілі нормасы бойыншы диалектизм болғанмен, өткен кезеңдерде олар барлық өлкеге тән болғаны байқалады.