Жазба әдеби тілдің қалыптасу барысындағы тіл тазалығы мен дә
Жазба әдеби тіл — жазудың шығуымен байланысты пайда болған, өзіндік дәстүрі бар тіл. Жазба тіл адамзаттың сонау көне дәуірінен бастап, осы заманға дейінгі ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласында жасаған байлығын сақтауына және оны жетілдіруге мүмкіндік берді. Қазақ жазба тілі қазақ әдеби тілінің негізгі саласы ретінде қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік, саяси-эконосмкалық жағдайына, мәдени, рухани өміріне байланысты ерекшеліктерін, дәстүрін сақтай отырып қалыптасқан. Қазақ жазба тілінің қалыптасу негізі көптеген түркі халықтарына ортақ әдеби нұсқалардан бастау алады. Соған орай көне түркі жазба ескерткіштері (6 — 7 ғасырларда), ерте ортағасырлық Жүсіп Баласағұнның “Құтадғу білік”, Махмұт Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрк” (11 ғасыр), ортағасырлық “Мұхаббатнама”, “Оғызнама” (14 ғасыр) сияқты жазба ескерткіштер қазақ жазба тілінің негізі ретінде танылады. 15 ғасырдан 20 ғасырдың басына дейінгі аралықта қазақ жазба тіліне ортаазиялық түркі әдеби тілінің дәстүрі ықпал етті. 19 ғпсырдың 2-жартысынан бастап халықтық тіл негізінде қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі қалыптасты, оның нормалық белгілері, стильдік салалары дамыды, қоғамдық қолданылу аясы кеңіді. Зерттеушілердің кейбіреулері тілдің әдебилігін оның жалпы қоғам мүшелеріне ортақ болу қасиетінен іздеді. Әдеби тілдің жұртшылықтың бәріне бірдей ортақ болу оны диалект, жаргон сияқты жергілікті ерекшелікгерден өзгешелеп тұрады. Мұндай көзқарасты ұстанушылар әдеби тіл халықтың поэтиклық сөз өнері, әдет-ғұрып заңдарының тілі ретінде жазуға дейінгі кезеңде де болуы мүмкін деп пайымдайды. Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеген еңбектерде де осы тәріздес әр қилы пікірлер айтып келді. Бірсыпыра зерттеушілер Қазақ әдеби тілінің тарихын жазба әдебиеттің пайда болып, халық тілінің нормаға түсіп, стильдік нышандарының көрініс бере бастаған кезеңімен (ХVІІІ ғасыр) байланыстыра қарайды (Қ. Жұмағалиев, М. Балақаев). Зерттеушілердің енді бір тобы Қазақ әдеби тілінің тарихын XIX ғасыр екінші жартысынан-алғашқы кітап басылып, газет шыға бастаған кезеңнен бастап, Ыбырай, Абай шығармапарымен ұштастыра қарайды (Қ. Жұбанов. С. Аманжолов, I. Кеңесбаев т. б.). Кейбір зерттеулерде XIX ғасыр екінші жартысын әдеби тілдің бастау апған кезеңі емес, ұлттық жазба әдеби тілдің қалыптасу дәуірі ретінде қаралып, көне әдеби тіл мен жаңа жазба әдеби тіл категорияларының жігі ажыратыла сөз болады (А. Ысқақов, Р. Сыздықова.). Әдеби тілдің стильдік тармақтары сараланып, қоғамдық қызметінің жан-жақты күшейе түсуіне байланысты шын мағынасандағы әдеби тіл Қазан теңкерісінен кейін пайда болды деген де тұжырым бар (Т. Қордабаев). Әдеби тілді жазу-сызумен байланыстыра қарайтын дәстүрлі көзқарастан басқаша бағыт ұстаған зерттеулер де (Р. Сыздықова), оны (фольклорлық, мұралармен ұштастыра қарайтын пікір де бар (Ә. Өмірәлиев, Е. Жұбанов). Әдеби тілдің сыр-сипатын ашатын басты-басты белгілері мыналар:
1. әдеби тілдің сұрыпталған, өңделген нормаларының болуы;
2. сол нормалардың жұртшылықтың бәріне міндеттілігі және ұзақ уақыт сақталуы;
3. функциональдық-стильдік салаларының болуы;
4. қоғамдық қызметтің әр алуандығы.
Әдеби тілге тәне мұндай белгілер түп-түгел бір дәуірде, бірден бола қапатын құбылыс емес және олардың кейбір белгілері белгілі бір кезеңге айқын болса, енді бірі мүлде көмескі, тіпті болмауы да ықтимал.