Қазақ әдеби тіл лексикасына орыс сөздерінің ене бастауы қай

Өткен ғасырдың басынан бастап, 60-70 жылдарына дейінгі қазақ тілінің алдыңғы кезеңдерден айырмашылығы – оның лексикалық құрамына орыс сөздерінің ене бастауы. Қазақстанның көп жерінің Ресейге бағынып болуына байланысты халықтың күнделікті өмір тіршілігінен бастап, әкімшілік, сот-заң т.б. салаларға қатысыт жаңа зат, ұғым атаулары орыс тілінен алына бастады. Ғасырдың алғашқы 20-30ж.-ының ішіндегі әдебиет текстерінде орыс сөздері әлі де өте аз. Махамбет, Шернияздарда шай, расхот, срок сияқты 4-5 қана сөз бар. Ғ. Мұсабаев қазақ тіліне орыс тілінен сөз ауысу процесін үш кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші кезең – 16ғ-ға дейінге дәуірде оның өте әлсіз болғандығын, 16ғ.-дан 19ғ.-дың екінші жартысына дейінгі, екінші кезеңде едәуір жандана түскенін айтады да, бұл кезеңде қазақтардың сөйлеу тілінде шаруашылық пен тұрмысқа қатысты соха, борона, пикет, поднос, стакан сөздері, әскери-әкімшілік саласынан комендант, сот, пристав, майор, солдат сөздері болды дегенді жазады. 19ғ.-дың 50-70 жылдарына қарай қазақ әдебиетінің сөздік құрамына орыс сөздері едәуір ене бастады. Қазақ даласын билеудің 1822 және 1867-68 жылдардағы реформа-тәртіптеріне байланысты хандық билік жойылып, әкімшілік, заң жүйесінің жаңа институттары пайда болуына, орыс саудасыынң күшеюіне, шаруашылықтың егін салу, жер жырту, орман күту сияқты жаңа түрлерінің жаңдана бастауына байланысты ондаған орыс сөздері қазақ әдеби тііл айналымыан түсе бастады. Бұл кездегі көркем әдебиет үлгілерінен болыс, страшын, майыр, сот, медәл сияқты жалпы есімдер мен Петірбор сияқты жалқы есімдерді кездестіреміз. Қазақтың ауызекі сөйлеу тілінде де, ауызша әдеби тілінде де араб және парсы тілдерінен ауысқан сөздер қай кезеңде болса да едәуір орын алып келді. Оған Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген халықтардың ислам дініне енуі, там-тұмдап болса да мұсылманша оқу-ағартудың орын алуы, ортағасырлық түркі әдебиетінің қазақ қауымына да таныс болуы сияқты факторлар себеп болды. Араб-парсы сөздік қабаты барлық ақындарда бірдей емес, олар Махамбет, Шернияз, Алмажан, Шөже, Орынбай өлеңдерінде өте аз, барлары халық тілінде қалыптасқандары. Бұл осы ақындардың тақырыптарына да байланысты: халық көтерілісін, немесе сол көтерілістің басшыларын, я болмаса қара басының хал-жағдайын сөз еткен өлеңдерінде араб-парсы сөздері кемірек ұшырайды. Мысалы, Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңінде бірде – бір кірме сөз жоқ. Араб-парсы сөздерінің аз-көп қолданылуы авторлардың сауаттылығына да байланысты болды. Дулат, Шортанбай, Махамбет секілід ақындар мұсылманша сауатты болған адамдар. Ал мұсылманша хат атнығандардың араб-парсы тілдерінен азды-көпті хабары болатыны даусыз. Сондықтан бұлардың қаламынан шыққан дүниелерде шет тілдік элементтердің, оның ішінде жалпыхалықтық сөйлеу тіліне енгендерден өзге сөздердің ұшырауы заңды. Мысалы, Дулат, Шортанбайларда кәнігі халық тіліне енген араб, парсы сөздерінен өзге шафағат, кәләл, ғаран, ғафил, раббы, хақ, қаһар, такбир сияқты сөздер бар. Сөйтіп, ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақтың төл әдеби тілінің құрамында кірме сөздердің молдау қабатын араб-парсы тілдерінің сөздері құрайды.