Дулат және Махамбет ақын шығармаларының әдеби тіл ерекшелікт
Махамбет ең алдымен нақтылы өмірді суреттеген ақын. Ол өмірге өзі қоян – қолтық араласушы,өз тұсұндағы оқиғалар мен іс-әрекеттеріне тікелей қатысушы.тақырыбы көбіне көп нақтылы болғандықтан, оның еншісіне нақтылыққа сай жаңа образдар мен жеке сөздерді әдеби тілге қосу үлесі тиген. Ең нақтылы тақырыпқа жырланған «Баймағанбет сұлтанға айтқан сөз» деген шығармасының өзінде әдеби тіл өрнектерін енгізеді. Бұл Махамбет поэзиясының тілдік ерекшелігінің бірі б.т. өлеңдерінің басты тақырыбына орай жауынгершілік лексика тобын молынан қолданады. Олар:қару- жарақ,сауыт –сайман аттары;найза, қылыш, мылтық,білтелі,садақ, дулыға,сүнгі,семсер т.т.эпитеттер қарулы найза,жалаулы найза,алты құлаш ақ найза,толғамалы найза, қималы найза. Сұр жебе,сары жебе сынды эпитеттер. Махамбет тіліндегі екінші ерекшелік көне сөздердің қолданылуы.мыс: сой (асыл тек),тарлан, тарпақ, арайна, баттауық, сайғақ,еділ, жайық, емсеу, жемсеу. Махамбет өлеңдерінде бұлардан басқа қалықпан( құстың атауы),ереуіл (тың ат), толағай (тақыр бас),жетім, тұтқын, алаулау соғысу,ұрысу т.б сөздер сирек кездесетін сөздер. Махамбеттің сөз қолданысындығы және бір ерекшелік әдеби – көркемдеу тәсіліне қатысты. Өзі қосқан тың образдары қазақ поэтикасына әкелген үлес болды. Мыс:қызғыштай болған есіл ер,еркек қойдай болініп,екі тарлан бірі,қас бәйтерек батырларға теңеулер мен метафоралар. Ақынның бұлар тәрізді метафоралы,теңеулі образдары өазаө поэзиясы тілін жоғарғы сатыңа көтерді,жаңа образдар жасауда қазақ тілінің мүмкіндігі орасан зор екендігін танытты. Дулат Махамбет сияқты алдыңғы қазақ поэзия тілдік-стильдерін пайдалана отырып,жаңаға ұластырушы,жаңа тілдік үлгілерді ұстанушы қаламгер. Қазақ поэзиясының шоғырларға (абзац) бөлінуі Дулаттан басталады. Әр шоғырдың тармақтары бір ұйқаспен топтастырылады және әрқайсысы бір тақырыпты қамтиды. Мыс: «Тырнақтай меңім болған соң» өлеңін айта аламыз. Әр шоғырдың тармақтары өзара ұйқасып қылаң ба, ұлан ба ,Тұранда, қараңға,мұнан да,бұлан да, құлан да,қырын да өлең тұтастығын жасайды. Бұл – нағыз профессионалдық сауатты,мәдениетті поэзия үрдісінен шыққан құрылым. Дулаттың көп өлеңінен осылайша жазба поэзия үлгісін көреміз.