XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің лексикасының сипаты.

Бұл кезеңдегі сөздік құрам екі қабаттан тұрды:қазақтың төл сөздері ж\е кірме сөздер.кірме қабаттың дені араб- парсы сөздері. Қазақтың төл сөздері. бұл дәуірдегі қазақ әдеби тілінің лексикалық дені- байырғы төл сөздері.әдеби тілді танытатын көркем әдебиет қана поэзия тілі ғана болғанықтан жалпы халық тілінің сөз байлығы түгелімен айналымға түспеген.XVIII ғасыр соғыстар мен жорықтардың заманы,соған орай көркем әдебиет тақырыбы ды негізінен ел қорғау, батырларды мадақтау немесе өлімін жоқтау болып келді.мұнда жауынгершілікке қатысты лексика тобы басты орын алды.мыс: кіреуке, сауыт, найза, оқ, дулығы қылыш тәрізді қару жарақ атттары.жаулық,елдік, бүлу, біту деген сияқты эементтер актив қолданыста. Бұл дәуірдегі әдеби тілде жиі кездесетін жау сөзі де, ер, ер жігіт, жігіттік, ерлік, қол, қосын,ту, олжа тәрізді сөздер мен тіркес түріне де айналды. Жауынгершілік тек ақын –жырауларда ғана емес,ауыз әдебиетінде, батырлар жырында да кеңінен орын алды.сонымен қатар нақтылы жорықтарды, нақтылы батырлады жырлауда басымырақ болды. Поэзия тілінде белгілі жер –су, халық, адам аттары көзге түсе бастайды. XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің лексикасын сөз еткенде –бұл кезеңде жауынгершілік тақырыппен қатар. Әлеуметтік- қоғамдық ж\е күнделікті тұрмыстық тақырыптардың сөз болу бастауына қарай,осы салаларға қатысты лексикалық топтардың актив қолданылуы. Хан, құл, ақ сүйек, бек, қара, қарашы, күң,ханым тәрізді сөздер XVIII ғасыр тура өз мағынасында қолданылатын актив элементтер болып келеді.бұлар осы кездегі лексикалық норманы танытады. Осы кезеңдегі әдеби тілдің лексикасында көзге түсетін саласының бірі-дерексіз ұғым атаулары. Жалпы дүние, адамзат тіршілігі туралы толғаулар атауларыда осыларға қатысты абстракт атаулары жиі қолданылады. Олардың көпшілігі -лық жұрнағы арқылы. Мыс: Ақтамберді жарлалық,жалғыздық,кемшілік, қорлық, зорлық,татулық сияқты сөздермен қатар ой, сезім талап, арман, бақыт, күрес,дау, күш, өлім, ажал,үміт, ақыл түбір сөздерді қолданылды.Үмбетей адамдық,арамдық, сұмдық,ерлікғ шешендік, билік, мінез, қылық,абырой,бақ, тілеу,қызық, береке сөздерін ал, Шал ақында ашу, ақыл, жолдастық, ойран, жаман іс, бақыт, байлық,иман, тірлік, кедейлік сөздері өлең тіліне қатыстырылды.