Қадырғали «Жами ат тарауих» шежіресінің тілдік ерекшелігі. Л

Қадырғали шежіресінің құрлымы 3 бөліктен тұрады:1 « Мадақ жыры» немесе « Арнау сөз»; 2. Шыңғысханның арғы –бергі шежіресі; 3. «алла тағалаға жәрдем беріп», оқыған -тоқығандарынан өзі теріп жазғандары. Қадырғали туындысы тілінің лексикалық негізін қыпшақ тобына жататын түркі сөздері құрайды. Ау ,ел /ал,ев/еу болып келетін сөздер аң(аңға чықты ,аңға атланды)қыпшақша, қазақша тұлғасы жасалған.мысалы: шежіре тілде қыз берді, ел болды, ажабқа қалды, дәнде қылды (тұтқын етті),фарман қылды , кіріфтарлық чекті хуш келді берілетін мағана мен жұмсалатын орнына қарай қаз.қаз.тіл ұқсас. Қадырғали шежіресінің тілін қазақ тіліне жақындататын,оны қазақтың жазба әдеби тілі деп танытатын белгілерінің бірі. Мыс: аяқ асты болды,балдызлай берді,бір йашады,хатун йіберді, хатунны айырды т.б ондаған фразеологизмдердің мағыналық ж/е тұлғалық көрінісі қаз.тіл дәлме-дәл. Қадырғали жылнамасындағы сөздер мен тұрақты тіркестер фонетикалық, лексикалық жақтан тұлғалануын көруге болады. Фонетикалық жақтан тұлғалану йағмур (жаңбыр),тигәр( тиер),тағ (тау),айу (айту),қайу (қайсы) көне сөздердің сол кездегі варианттары қазіргі кезге тән. Лексикалық ерекшелік сөздердің жарыспалылығы бір сөздің көне- жаңа, қыпшақтық –оғыздық,түркілік- парсылық,арабтық –парсылық түрлеріне қарай бірінің орнына бірі қолданыла берген. Мыс: «әмірші» мағынасындағы бек, әмір сөздерін кейде қазақтың аға сөзімен алмастырып айтады. Мың бегі/ мың ағасы,әміршінің некелі жұбайы хатун (қатын) сөзі осы мағынадағы қытайдығң фужин, маңғолдың еке сөздерімен қатарласа жүреді. Мұндай лексикалық жарыспалылық – тек шежіренің тілінде ғана емес, жалпы орта ғасырлық түркі ескерткіштерінің көпшілігіне тән сипат. Шежіреде негізінен араб парсы сөздері мол. Дені дерексіз ұғым атаулар.Басқада монғол,қытай сөздері бар. Олардың көбі әр алуан лауазым атаулары мен қызмет иелерінің атаулары ж\е сипаттама атаулар болып кетеді. Әдеби тілдеріне тән белгілерінің бірі халық тіліне енбеген, көбіне дерексіз ұғым атаулары араб парсы сөздерінің актив қолдануы. Бұл кезеңдегі әдеби тілде лексикалық жарыспалылық айтарлықтай орын алған.