Ескерткіштер тілі ауызша ж/е жазба әдеби тіл бола алады ма?

Ескеткіштер тілінен V-Xғ бізге мыныдай жәдігерлер мәлім: 1)V ғасырға жататын руна жазулы талас- енесей ескерткіштері : құлпытастағы эпитафиялар, олар 1-2 сөйлемнен 5-6 сөйлем көлемінде айтылған тарих;2) VIIIғасырға жататын руна жазулы орхон ескеткіштері:құлпытасқа қашалып сызылған түркі тайпаларының атақты қағандары мен батырлары Білге қаған, Елтеріс қаған,Тоныкөк туралы тарихи шежірелер;3)VIII-X ғасырлардағы ұйғыр жазулы жору, аян айту,діни аңыз түріндегі ескерткіштер жазбалар. Басы VI-VIII ғ сына жазулы орхон – енесей ескерткіштерінің тілі тарихы бар жасанды жазба тіл, ауызекі баяндау стилі,эпостар тілі, эпитафиялық проза тілі,түркі поэзиясының тілі,үлгісіндеде келеді. Енесей ескерткіштері – әдеби тілдік дүниелер, белгілі бір нормалар, дәстүрлі үрдістер бары даусыз. Қазақ әдебиеттанушылары орхон жазбаларын қазіргі түркі әдеби дәстүрлерінде жанрлық сәйкестіктер табылады.мыс: жоқтау, шешендік арнау жанрлары көрініс тапқан. « Тоныкөк» ескерткішінде дидактикалық – философиялық шешендік толғау үлгісі қазақ жыраулары айтқан толғаулардың қайнар көзі екенін дәлелдейтін әдеби тілге тән көркемдегіш- бейнелеуіш модельдердің ,ырғақ желісінің кейінгі қазақ поэзиясы тілінен табылатындығын көрсетеді. Оларда тұрмыс –салт жырлары, ерлік – жоқтау өлеңдер, дидактикалық шешендік толғаулар болған. Бұлардың тілдік – көркемдік үлгісі қазақтың ауызша дамыған поэзиясынан да, ескі жазба дәстүрінен де көруге болады.