Алматыдан 365 шақырым қашықтықта жер сілкінді
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциясы желісі 11 желтоқсанда Алматы уақытымен сағат 09:50-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпиорталығы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 365 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.7. MPV магнитудасы – 4.2. Тереңдігі – 5 шақырым.