сілтілік элемент атомының құрылымы, энергия деңгейлері. ква

сілтілік металлдар атомдарының бір сыртқы электроны бар, ол қалыпты күйде s- электрон болып табылады. бұлар спектрлері әдеттегі бір электрондық спектрлер.сутегі атомы және сутегі тәрізді иондарды ядро жалғыз электронға тікелей әсер ететін болса, сілтілік металл атомдарында сыртқы электронына ядро ғана емес, оны тасалайтын ішкі электрондық қабықтар да әсер етеді. литийден басқа топтың барлық элементтері үшін (n-1)p6 қабық соңғы соңғы толған қабыө болып табылады. осы қабық үшін бас кванттық сан сыртқы электронның бас кванттық санынан бірге кем болады. натрий үшін 2p6 (сыртқы электроны 3s ), калий үшін 3p6(сыртқы электроны 4s) және т.т литийдің ішкі қабығы 1s2 және 2s-электронға қатысты ішкі болатын р- электрондары жоқ. сыртқы электрон салыстырмалы әлсіз байланысқандықтан, сілтілік металл атомы сфералық симметрияға ие атомдық қалдықтан (инертті газ атомының конфигурациясы) және атомдық қалдықтан салыстырмалы үлкен қашықтықта болатын сыртқы(валенттік) электроннан тұрады деген модельді қабылдауға болады. сурет атомдық қалдықтың заряды бейтарап атом үшін +1e-ге тең, ал иондар үшін +Zae мұндағы +Za=2 бір мәрте ионданғанда және т.т. атомның осы модельі үшін шредингер теңдеуін шешіп, атомның стоционарлық күйінің энергиясы өрнегін алуға болады. осы теңдеуді шешкенле валенттік электронның өзінен басқа электронды теуіп ядроны тартуынан пайда болатын атомдық қалдықтың поляризациясын ескеру қажет. сондықтан шредингер теңдеуіне қойылатын U(r) потенциалдық энергия екі мүшенің қосындысынан тұрады. бұлардың біріншісі нүктелік зарядтың өрісін, ал екіншісі бұған қабаттасатын диполь өрісін бецнелейді. U( r) ==-e2/4π€0(1/r+c1/r2) сутегі атомы үшін шредингер теңдеуін шешкендегі схемаға ұқсаса схема бойынша щещу мына нәтижені береді.Enl=-hcRZa2/(n-∆)2 ∆l=c1me2Za/h2(l+1/2) мұндағы с1- атомдық қалдықтың дипольдық моментінің мәнін сипаттайтын тұрақты, ∆l- кванттық ақау. ∆l- ның l- ден тіуелді болуы себепті n- дері бірдей және l- дері әртүрлі деңгейлер жіктеледі. сілтілік металл атомдарының l- дері әртүрлі, бірақ n бірдпей деңгейлері бір бірінен салыстырмалы алыс орналасады (Н атомында деңгейлер бойынша азғындалынады). қоздыру энергиясы өскен сайын сілтілік металл атомдарының деңгейлері бұларға сәйкес Н атомы деңгейлеріне жақындайтындығы байқалады. сондықтан белгілі энергиядан бастап сілтілік металл атмомдары күйлерінің сутегі тәрізділігі жайында айтуға болады. мысалы, натриц атомында 3d,4d,… күйлер немесе барлық сілтілік металл атомдарында f-күйлер сутегі тәрізді болып табылады.