бір электронды атомның толқындық функциялары. энергия деңгей

энергия деңгейлерінің азғындалу дәрежесі. электрон энергиясы n бас кванттық санға ғана тәуелді, бірақ әрбір Еn мәніне (Е 1-ден басқа) l және me мәндерімен өзгеше болатын Ψnlm меншікті фунциялар сәйкес келеді. сондықтан сутегі атомы және сутегі тәрізді иондар бірнеше әр түрлі күйлерде тұрғанымен, энергиясы бірдей бола алады. бұл электрон бірнеше әртүрлі күйлерде тұрып, энергия мәні бірдей бола алатындығын көрсетті. мысалы, Е2 энергияға (n=2) Ψ200,Ψ21-1,Ψ210Ψ211 төрт күй йе. энергиялары бірдей күйлер азғындалған, ал Е нақты энергия мәні бар әр түрлі күйлердің саны осы энергетикалық деңгейдің азғындалу дәрежесі деп аталынады. бір электронды атомның n- і деңгейінің азғындалу дәрежесін l- дің және ml-дің мүмкін мәдерінің санын ескеріп анықтауға болады. l кванттық санының n мәнімен арқайсысына ml- дің (2l+1) мәні сәйкес келеді. сондықтан берілген n үшін әр түрлі күйлердің толық N саны N=Σ(2l+1)=1+3+5+..+(2n+1)=n2 (8) болады. демек, бір электронды атмоның n- і энергетикалық жеңгейінің азғындалу дәрежесәне қа n2 тең. электронның меншікті моменті (спиндік магниттік кванттық санының ms1/2,-1/2 екі мәніне сәйкес). сонымен n- і энергетикалық деңгейдің азғындалу дәрежесі N=2n2 болады.