бір электронды атомның кванттық сандары және бұлардың физика
кванттық сандар. шредингер теңдеуінің меншікті функциялары, яғни Ψ-функциялар n,l,me үш бүтін санды параметрлерімен анықталынады. Ψ=Ψnlm(r,Ѳ,φ)=Rnl(r)Ѳlm(Ѳ)φm(φ) (5) мұндағы n- бас кванттық сан, l- орбиталық, me -магниттың кванттық сан деп аталынады. бас кванттық сан n мәні энергетикалық деңгейінің нөмері мен дәл енлнді, атомдағы электронның Еn энергиясын анықтайды және тек бүтін оң мәндер қабылдайды. N=1.2.3. орбиталық кванттық сан l . шредингер теңдеуінің шешіміне сәйкес электронның импульс моментінің модулі (механикалық орбиталық момент) мына өрнекпен анықталынады. Ll=hl(l+1) (6) Ll тек дискретті мәндер қабылдай алады, яғни квантталады. L орбиталдық кванттық сан берілген n жағдайында барлығы n мәнін қабылдайды. L=0.1.2….n-1 орбиталық магниттік кванттық сан ml . l берілгенде ml=0,±1,±2,….±l бүтін мәндер қабылдайды. ml шредингер теңдеуінің шешіміне сәйкес электронның орбиталық импульс моментінің қайсыбір z бағытына, мысалы, сыртқы магнит өрісінің бағытына, роекциясын LLz=h ml (7) анықтайды, және атоидағы электронның орбиталық импульс моментінің векторы кеңістікте квантталып 2l+1 әр түрлі бағдарлана алады (ml барлығы 2l+1 әр түрлі мән қабылдайды) осы құбылыс көбінесе кеңістік квантталу деп аталынады. сутегі атомы Ll орбиталық импульс моментінің l=2 кңістік квантталуы 1- суретте кескінделген.